Түркістанда облыстық «Best startup» үздік жобалар байқауында идеясы мықты жастар анықталды

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында облыстық «BEST STARTUP» үздік жобалар байқауы өтті.

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бойынша 30 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Түркістан облысына ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келді. Ол өңірдегі аудандардағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, осы жобаны жүзеге асыру жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізді. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, басқармалар мен аудан, қала басшылары, жоба жүзеге асқан ауыл округ әкімдері қатысты. Мәжілісті жүргізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасының облыс үшін маңызы жоғары екенін жеткізді.

Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 бірдей нысан бой көтермек

Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 6 нысан бой көтермек. Ауданға арнайы ат басын бұрған БАҚ өкілдері жоба аясында салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысты.

Түркістан облысында ветеринария саласына қаржылай қолдау күшейтіліп, көмек берілуде

Түркістан облысында Ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жұмыс атқаруда. Аталмыш кәсіпорында 2 мыңға жуық маман бар.

Түркістан: Қазығұрт және Төлеби аудандарындағы кәсіпкерлер мәселесінің шешілу жолдары қаралды

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішов Қазығұрт және Төлеби аудандарының кәсіпкерлерімен кездесті. Басқосуға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев, Өңірлік кеңес мүшелері, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Шымкентте 111 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

2024 жылы Шымкентте құрылыс саласы жаңа деңгейге көтерілуде. Биыл 163,07 млрд. теңгеге 114 жоба жүзеге асырылып, 111 нысан жыл соңына дейін тапсырылмақ. Бұл біздің қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға арналған үлкен қадам.

Шымкентте қос кітаптың тұсауы кесілді

Шымкент қаласындағы Әл Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі ақын Әкім Ысқақтың «Темір генерал» кітабының және Ғалымжан Битұрсынның «Өмірді сүй. Адамды құрметте» атты жинағының тұсаукесері рәсімі өтті.

Елімізде «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

3-7 қыркүйек аралығында елімізде Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді. Оған шет мемлекеттерден 10-жуық команда қатысады. Отандық командалардың саны 9. Қазіргі уақытта қатысушыларды тіркеу аяқталды.