Түркістан: ботаникалық бақтағы 15 гектар жерден 30 тонна өнім жиналады деп күтілуде

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың базасында орналасқан бірегей ботаниқалық бақ – аймақ үшін баға жетпес байлық. Бүгінде 88 гектар аумақты алып жатқан ботаниқалық бақта декоративті және жеміс талдарының 150-ге жуық түрі мен сорты бар.

Түркістан облысы: Мақтааралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланып, аймақтың мәселелері талқыға түсті

Түркістан облысында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықты әлеуметтік жұмыспен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тұрақты бақылауында.

Түркістанда «Neke tour» республикалық байқауы ұйымдастырылды

Түркістан қаласында «Neke tour» республикалық байқауы өткізілді. Биыл екінші рет қатарынан ұйымдастырылған байқауға 100-ге жуық жұп өтінім жіберді. Байқауға ресми некедегі және өтініш берерде неке қию туралы куәлігі бар, жасы 18-ден асқан жұбайлар қатысты. Іріктелген 20 жұп «Шаңырақ», «Махаббат», «Ару», «Жанұя» номинацияларымен марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан түрлі сыйлықтарға ие болды.

Түркістан облысы: кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында үш мәселе қаралды.

Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» жобасы жүзеге асуда

Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүруде. Акция аясында таяуда Арыс қаласында сенбілік өтіп, шараға қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты.

Шымкент: «Ордабасы» футбол клубы үшін осы маусымдағы басты мақсат Қазақстан чемпионы атағын сенімді қорғау

БұлтуралыклубпрезидентібасбапкерАлександрСеднёвтыңжұмысынқорытындылаубойыншаБАҚөкілдеріменұйымдастырылғанбрифингбарысындаайтыпөтті.

 

 2021 жылдан бастап Шымкенттік клубтың бас бапкері болып жұмыс істеген 51 жастағы Беларусь маманы клубтан кететінін ресми мәлімдеді.

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Шымкентке іссапармен келді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында бірінші вице-министр денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар жөнінде баяндады.

Тимур Сұлтанғазиев кездесу барысында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін арттыру, дәрігерлердің қоғамдағы мәртебесін жоғарылату, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту және кадр саясатын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мақсатында бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген.