Түркістан обылысы спортшыларының өткен аптадағы жетістіктері
Өткен апта Түркістан облысы спортшылары үшін табысты болды. Өңір мақтаныштары халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарды иеленді.
Өткен апта Түркістан облысы спортшылары үшін табысты болды. Өңір мақтаныштары халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарды иеленді.
Түркістан облысында бұқаралық және ұлттық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ұлттық спорт түрлері бойынша өтетін іс-шаралар сараланып, «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындарына Түркістан облысы құрамасының дайындығы кеңінен талқыланды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен өткізген көшпелі кездесу барысында қала аумағында бұқаралық спортты дамыту және заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыру мәселелері қаралды.
2025 жылы қалада бірнеше спорт нысанының құрылысын жүргізу жоспарға алынған.
Шымкенттік “Ордабасы” Еурокубоктағы бәсекені ерте аяқтады. Жерлестеріміз кеше УЕФА Конференц-лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде грузиндік “Торпедомен” кездесті. Қос матчтың қорытындысы бойынша жарыстан шығып қалды.
Қалада соңғы жылдары халықаралық бәсекелер, Азия және әлем чемпионаттары жоғары деңгейде өтуде. Жаңа атшабар, жеңіл атлетика манежі, спорт мектептерінің базаларында қала тұрғындары мен қонақтары қанды қыздырар бәсекелерді тамашалады. Бұқаралық спортты дамытуда бірқатар жұмыстар жүзеге асты.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақта футболды дамыту, жаңа жоспар әзірлеп, ел ішінен талантты жастарды іріктеуді тапсырған болатын. Осыған орай өңірде әуесқой командалар арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды.
10-12 шілде күндері Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының базасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының XXXIV жазғы чемпионаты өтті.