Бейсенбі, 25 Маусым 2026 20:40

Түркістанның тарихи мұрасы сыр өңірінде насихатталды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдени көпір: Түркістан мұралары» жобасы аясында Қызылорда облысы Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінде көшпелі көрме ұйымдастырылды.

Көрменің басты мақсаты - Түркістан өңірінің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, өңіраралық мәдени байланысты нығайту, ішкі туризмге әсер ететін жобаларды көрсету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Көрмеде музей қорында сақталған археология, этнография, тарих және рухани мұраға қатысты құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Келушілер Түркістан өлкесінің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін бірегей экспонаттармен танысып, тарихи мұраның маңызын тереңірек тануға мүмкіндік алды.

Іс-шараға мәдениет саласының өкілдері, зиялы қауым мүшелері, жастар мен жергілікті тұрғындар қатысып, көрме жоғары деңгейде өтті. «Мәдени көпір: Түркістан мұралары» жобасы аясындағы бұл көшпелі көрме өңірлер арасындағы мәдени ынтымақтастықты арттыруға, музей қорларындағы құнды жәдігерлерді кеңінен танытуға және ұлттық тарихымызды дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени бастама ретінде бағаланды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 132 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 16 Шілде 2026 20:42