Сейсенбі, 04 Тамыз 2026 15:54

Созақ ауданында Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы ұлықталды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Қожа Ахмет Ясауидің рухани-адамгершілік мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған «Ясауи керуені» ағартушылық-философиялық ілімін дәріптеу мақсатындағы аймақтық ғылыми-танымдық семинары өтті.

Тағылымды жиын Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауи мұрасын елімізде және халықаралық деңгейде кеңінен дәріптеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен қолға алынған өңірлік жобаны іске асыру аясында ұйымдастырылды. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы Ержан Сматұлы, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен жастар және аудан тұрғындары қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын тереңінен таныту, оның ілімін қоғам арасында кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастардың рухани дүниетанымын қалыптастыру болды.

Семинардың ашылу рәсімін «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкенов жүргізіп, Ясауи мұрасын насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Ол бұл бастама ұлы ойшылдың тағылымын ғылыми тұрғыда зерделеп қана қоймай, оны бүгінгі қоғамның рухани қажеттілігімен сабақтастыратын маңызды жоба екенін атап өтті. Семинар барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай Ясауи ілімінің тарихи негіздері мен оның қазіргі қоғамдағы рухани маңызы туралы мазмұнды баяндама жасады. Университеттің доценті, дінтанушы Оразбай Сержан «Ясауи хикметтеріндегі рухани құндылықтар» тақырыбында баяндама жасап, хикметтердің тәрбиелік мәніне, адам бойындағы ізгілік, сабыр, адалдық, мейірімділік секілді қасиеттерді қалыптастырудағы орнына жан-жақты тоқталды.

«Ясауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, теология ғылымдарының докторы Бауыржан Сайфулов «Қожа Ахмет Ясауидің тарихи тұлғасы және ұлттық идентификация» тақырыбында баяндама оқып, Ясауи мұрасының қазақ халқының рухани болмысы мен ұлттық санасының қалыптасуындағы ерекше рөлін ғылыми деректермен негіздеді. Ал Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың «Теология» факультетінің доценті, PhD докторы Төлеген Жылқайдарұлы «Қожа Ахмет Иасауи ілімі және қазақ салт-дәстүрлері» тақырыбында баяндама жасап, халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен Ясауи ілімінің сабақтастығын кеңінен тарқатты. Ол ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтардың өзара байланысына тоқталып, олардың қоғам тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.

Қожа Ахмет Ясауи ғасырлар бойы түркі халықтарының рухани өмірінде ерекше орын алған сопылық дәстүрдің негізін қалаушы. Арыстан Баптан алған аманатты «Хикметтері» арқылы адамдардың бойына сіңірген, қасиетті аманатты Хорасан әулиелерімен әлемнің төрт бұрышына жеткізген, көне түркі (шағатай) тілінде жазған хикметтерімен тіліміздің дамуына және баюына үлкен үлес қосқан атақты әулие, «Түркістан Пірі» болып табылады.

Ахмет Яссауидің өмірі, тұлғалығы және оның ықпалы туралы тарихи құжаттар мен мәліметтер өте аз. Барлары да аңызбен астасып жатыр. Ахмет Яссауи Батыс Түркістандағы Шымкент қаласының шығысындағы Тарым өзеніне құятын Шахияр өзенінің Қарасу бойында орналасқан Сайрам қаласында дүниеге келген. Ежелгі заманнан бері маңызды орны бар Сайрам қаласы, Исфиджап немесе Акшехир деп аталған. Нақты туған жылы белгісіз болып саналатын Ахмет Яссауидің Жүсіп әл-Хамеданимен байланысы және оның халифасы болғанын ескеретін болсақ, 5 ғасырдың екінші жартысында (11 ғ.) дүниеге келген деуге болады. Әкесі шейх Ибрахим, Сайрамда өзінің әулиелік кереметтерімен, аңыздарымен танымал болған тұлғалардың бірі. Оның анасы Айша, Шейх Ибраһимнің халифаларының бірі Мұса Шейхтің қызы болып саналады. Имам Мұхаммед бин Әлидің ұрпақтары Сайрамда қожа деп аталғандықтан Ахмет Яссауиді Қожа Ахмет, Құл Қожа Ахмет Ясауи деп те атаған. Шейх Ибрахимнің Гаухар Шахназ есімді қызынан кейін оның екінші баласы болып дүниеге Қожа Ахмет Яссауи келген.

Ол, алдымен анасынан, содан соң әкесінен айрылады. Гаухар Шахназ көп ұзамай інісін ертіп Яссы қаласына келеді және сол жерге орналасады. Ол, алғашқы білімін осы Яссы қаласында алады. Ол өзінің жастығына қарамастан әртүрлі қырымен көзге түседі. Жас кезінен білім алып араб, парсы тілдерін және Ислам ғылымдарын меңгереді. Біраз уақыттан кейін Гевхер Шехназ ағасын ертіп, Еси қаласына барып, сонда орналасты. Оқуын Есіде бастаған ол жастығына қарамастан кейбір көріністерімен назар аударды. Бала кезінен жақсы білім алып, араб, парсы, ислам ғылымдарын меңгерген.

Аңыз-әңгемелерде Ахмет Ясауидің Хызыр (а.с.)-мен кездескендігі және сахабалардың бірі болып саналатын Арыстан Баппен де кездесіп, одан рухани білім алғандығы айтылған. Арыстан Баптың Яссы қаласына келіп Ахмет Яссауиді тауып алып оған Хз. Пайғамбардың аманат еткен хұрмасын беріп жол көрсетуі, Хз. Пайғамбардың рухани тәрбиесіне негізделеді. Арыстан Баптан тәлім-тәрбие алған Ахмет Яссауи қысқа уақыт ішінде кеңінен таныла бастайды. Арыстан Бап өмірден өткеннен кейін Ахмет Яссауи сол кезеңдегі ірі мәдениет орталықтарының бірі Бұхараға келеді. Бұл жерде сопы-шейх Жүсіп Хаманданиден білім алады. Ол, Жүсіп Хамаданиден діни және сопылық ғылымдарды үйренеді. Ол, өзінің хикметтерінде Жүсіп Хамаданиге 27 жасында барып сабақ алғандығы айтылғанымен, оның нақты қай жылы екендігі айтылмаған.

Ахмет Ясауиөмірінің соңына дейін Яссы қаласында шәкірттер тәрбиелеп, халықты тура жолға шақырады. Деректерге қарағанда, Ахмет Яссауи 63 жасқа келгенде өзінің баспанасының ауласында хылует жасатып, қайтыс болғанға дейін сол жерде құлшылық етумен айналысқан. Туған жылы белгісіз болғандықтан қанша жыл өмір сүргендігі жайлы нақты дерек жоқ. Десе де өзі жасатқан хылуетте 10 жыл өмір сүріп 73 жасында қайтыс болғандығы, ал кейбір деректерде 120 жыл өмір сүріп 1167 жылы қайтыс болғандығы айтылған.

Өлгеннен кейін өзінің әулиелік кереметтерін жалғастырған Ахмет Яссауидің өзінен шамамен екі ғасырдан кейін келген Әмір Темірдің (1336-1405) түсіне кіріп оған жеңістің хабарын жеткізгендігі, Әмір Темірдің де алғыс білдіру үшін оның қабірінің басына кесене тұрғызғандығы риуаят етілген. Екі жылдың ішінде салынып біткен кесене, мешіті мен сопыларға арналған үйі бар орынға айналды. Уақыт өте ескіріп бүлінген кесененің өзбек ханы Абдуллах хан немесе Шәйбани хан тарапынан жөнделгендігі деректерде атап көрсетілген. Ахмет Ясауидің кесенесін жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген туристер келіп тамашалайды. Әсіресе, Зулхиджа айында Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген туристер бұл жерде діни рәсімдер өткізеді. 

«Диуани Хикмет» Ахмет Ясауидің түркі тілінде жазылған өлеңдер жинағының атауы. «Диуани Хикмет» шығармасының нұсқаларында мазмұнымен қатар тіл жағынан да айтарлықтай айырмашылықтар бар. Бұл жағдай хикметтердің әр түрлі адамдар тарапынан жазылғандығын немесе құрастырылғанын көрсетеді. Кейбір хикметтер құрастыру барысында уақыт өте келе жоғалған немесе өзгерген, жаңа хикметтер қосылып, негізгі мәтін түпнұсқасынан айтарлықтай алыстап кеткен. Дегенмен, барлық хикметтің негізінде Ясауидің наным-сенімдері мен ой-пікірлері және оның тариқатының ұстанымдары жатыр. Түркі халықтарының арасында маңызы өте зор. «Диуани Хикмет» ескі және жаңа әріптермен бірнеше рет жарық көрді. Бұл басылымдардың ең соңғысы шағатай тіліндегі түпнұсқасымен бірге Хаяти Биценің түрік тілінде жазған хикметтері болып табылады. Бұл еңбек Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан басылып шықты.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 47 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Отырар – тарих пен руханият тоғысқан туризм орталығы