Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 21:53

Бәйдібек: Соғыс сарбаздарының тізімі қайта түзілуде

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жылдар жылжып, ғасыр ауысса да күркіреп өткен кешегі соғыс жарасы әлі де жазылар емес. Өйткені, біздің елде де соғыс өрті шарпымаған бір де бір шаңырақ жоқ. Қаншама боздақтарымыз майданнан оралмады. Әйтсе де, олардың ерлігін дәріптеп, есімін ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Міне, осы орайда Бәйдібек аудандық әкімдігі тың бастаманы қолға алып, сұм соғысқа қатысқан сарбаздарын түгендеуге кірісті.

Бәйдібек ауданында бүгінде   50 мыңнан астам халық тұрады. Ал оның бұдан 80 жылғы  бұрынғы   мөлшері екі есе кем болған десек еш қаталеспейміз. Алайда,  соның өзінде  бұл ауданнан   8- 9 мың сарбаз   майданға аттанған.

Міне, бұл бастаманы аудан әкімдігінің  қолдауымен мен аудандық ішкі саясат бөлімі қолға алып, өткен жылдан бері тиянақты жұмыстар атқарылуда. Олар  қолдағы мәліметтерден бөлек, барлық ресми сайттардан іздестіріп,    майданға аттанған сарбаздар тізімін қайта түзіп, нақтылау үшін халыққа жария етуде.

Бұған себеп болған тағы бір мәселе бар. Ол аудан орталығында  жаңадан ашылатын әскери даңқ мемориалы.  Рас, ондай тізім  орталық саябақта болған. Алайда,  ол орын абаттандырылып, қайта  жөнделуіне байланысты, тізімдер де жаңармақ.

Бұл бастамаға қазірдің өзінде үн қатушылар аз емес. Өйткені, көптеген  тұрғындар  осы тізім арқылы  хабар – ошарсыз кеткен туыстарын табуда,   деректеріне қанығуда.

Тізімдер аудандық газетке әлі де жариялануда. Олар  түгелденіп,  нақтыланған тұста  аудан орталығында жаңадан ашылатын   тақтаға    толық негізде жазылатын болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 824 рет