Дүйсенбі, 15 Қараша 2021 10:16

Шымкент қаласының энциклопедиясы жазылуда

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Шымкент қаласының энциклопедиясы» кітабының құрастырылуына орай кеңес жиын өтті.

Энциклопедияны құрастырудағы мақсат - Шымкент қаласының көне замандардан бастап бүгінге дейінгі тарихи және айтулы кезеңдерін, киелі жерлері мен ескерткіштерін, оқу-ағарту, мәдениет, өндіріс, жол құрылысы, өнеркәсіп, қалаға еңбегі сіңген азаматтар мен қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, өнер адамдарының, еңбек озаттарының, спортшылар мен суретшілердің өмірбаяндары, Тәуелсіздік жылдарындағы әкімдер мен әкімшілік қызметкерлерінің, аудан әкімдерінің, жеткен жетістіктер мен қала көлемінде іске асқан өзгерістер, жаңалықтармен таныстыру.
Ке
ңесте Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, ОҚМУ ректоры Г.Сүгірбаева, жазушы М.Байғұт, энциклопедияны құрастырушы редактор, жазушы М.Әбдәкімұлы және өзге де зиялы қауым өкілдері ойларын ортаға салды. М. Әбдәкімұлының айтуынша, энциклопедия қала тарихынан басталатынын, тарихты кезең-кезеңімен берген соң, өзге мәліметтер әліпби ретімен ұсынылатынын жеткізді.

Кеңес барысында ұйымдастыру алқасының мүшелері жарыққа шыққалы отырған энциклопедияға енетін мәліметтер, тұлғалар жайында және жалпы материалдар туралы пікірлер мен ұсыныстарын ортаға салды.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 711 рет