Super User

Super User

Түркістан облысында 7 айда 16 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік әлсіз топтағы тұрғандарға қолдау көрсету» тақырыбында аймақтық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына мәслихат депутаттары, облыстық ауыл шаруашылығының бөлім басшысы, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, партия филиалынының қызметкерлері қатысты.

Түркістан облысы: үздік әлеуметтік жоба жетекшілері марапатталды

Елімізде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауы ұйымдастырылған. Байқаудың Түркістан облыстық аймақтық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау мақсатында салтанатты шара өтті.

Түркістан облысы: Түлкібастың алмасы ауданның брендіне айналады

Кеңес дәуірінде Одаққа танымал болған Түлкібас ауданының алмасы соңғы жылдары қайта жандануда. Қазіргі таңда алманы осы өңірдің брендіне айналдыру мақсатында алма бақтарында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Осы RSS каналға жазылу