Сейсенбі, 21 Тамыз 2018 10:03

Түркістан облысында 7 айда 16 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік әлсіз топтағы тұрғандарға қолдау көрсету» тақырыбында аймақтық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына мәслихат депутаттары, облыстық ауыл шаруашылығының бөлім басшысы, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, партия филиалынының қызметкерлері қатысты.

Атап айтсақ, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиевтың айтуынша, өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы еңбек нарығының индикаторларына оң әсерін тигізуде: «2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру үшін жалпы 12,3 млрд теңге қарастырылған. 2018 жылдың 7 айында мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде15-тен астам жұмыс орындары ашылып, 9578 адам тұрақты жұмыспен, 6142 адам уақытша жұмыспен қамтылды», - деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, партиялық комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Жұмағали Білісбеков бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, осы салада ақпараттық жұмысты жандандыру керектігін жеткізді.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС директоры Данияр Арынғазин: «Ырыс» микроқаржы ұйымы құрылған күннен бастап 2018 жылдың 7айын қоса алғанда жалпы соммасы 33,1 млрд теңгені құрайтын, 17 227 жобаны қаржыландырды. Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттан бөлек, басқа да қаржы институттары арқылы әртүрлі бағдарламалар аясында қаражат таратып, несие ретінде кәсіпкерлерге үлестіреді»,- дейді. Сонымен қатар, жиын барысындақатысушылартұрғындардың әлсіз топтарын қолдау шараларын, жұмыс күшінің бәсекеге қабелеттілігін арттыру мәселелерін, жұмыспен қамту проблемаларын шешудегі бизнестің рөлін, еңбек нарығын реттеу институттарын жетілдіру тетіктерін талқылады. Мәжіліс соңында комиссия мүшелерінің шешімімен хаттама түзіліп, жергілікті атқарушы билік органдарына ұсыныстар берілді.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1130 рет