Сейсенбі, 21 Тамыз 2018 09:53

Түркістан облысы: үздік әлеуметтік жоба жетекшілері марапатталды

Елімізде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауы ұйымдастырылған. Байқаудың Түркістан облыстық аймақтық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау мақсатында салтанатты шара өтті.

Байқау нәтижесі бойнша бірінші орынды Айдана Жораеваның «Әлемді сезіну» жобасы иеленді. Оған бір миллион тенгеге сертификат тапсырылды. Ал, екінші орын және 700 мың теңге "Арманға ұмтыл" жобасының авторы Шалтан Еркінбайға бұйырса, үшінші орынды «АИТВ-позитивті жасөспірімдердің статусын ашып, жасөспірімдерді әлеуметтік психологиялық бейімдеуге психологиялық дайындау» атты жобамен Жанетта Жазықбаева иеленді. Бұл жобаға 500 мың теңгеге сертификат тапсырылды. «Менің ұсынған жобам зағип жандарды дыбысты ақпарат-құралдарымен қамтамасыз етіп, олардың шығармашылығын насихаттау жәнемүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтамасыз ету. Жеңіп алған миллион теңгені жобаны дамытуға жұмсаймын», - деді жоба жеңімпазы Айдана Жораева.

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөрееваның айтуынша,байқаудың мақсаты ауыр өмірлік жағдайдағы азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету. «Партияның облыстық филиалында өткен аймақтық іріктеу комиссиясының қарауына19 жоба ұсынылған болатын, соның ішінде3 жоба жүлделі орынға ие болды.Комиссия мүшелеріжоба жеңімпаздарын анықтауда әлеуметтік мәселелерді шешуге ақпараттық ынталандыратын және осы салада еріктілерқозғалысын дамытатын, сондай-ақ ауыр өмірлік жағдайды жеңуге көмектесетін жобаларға ерекше назар аударды»,- деді Қ.Жантөреева.

Сондай-ақ, аймақтық конкурстық комиссиясының шешімімен «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Айгүл Елібаева және «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сардор Исманов ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Сонымен қатар, байқау ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаз деп танылған әлеуметтік жобалар республикалық байқауға жолдама алды.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Оқылды 1051 рет