Super User

Super User

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында Дулат Исабековтың кітапханасы ашылды

Ордабасы ауданында жазушы, драматург, қоғам қайраткері Дулат Исабековтың кітапханасы ашылды. Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков сөз сөйлеп, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың сыйлығын тапсырып, құттықтау хатын оқып берді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Шымкент қаласы әкімдігінде – жаңа тағайындаулар

Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Асылбекова Гүлнұр Нұрбекқызы тағайындалды. Гүлнұр Нұрбекқызы бұған дейін облыстық қаржы, экономика басқармаларында және облыс әкімі аппаратында қызмет атқарған. Соңғы қызметі - Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары. 

Шымкент: коммуналдық қызметтер үшін тұрғындардың қарызы қанша?

Коммуналдық қызметтер үшін Шымкент қаласы тұрғындарының өтемақы қарызы 1 718 914 теңгені құрайды. Бұл қатардағы басым көпшілігінде табиғи газға берешегі бар, нақты айтқанда, 1 167 115 теңге көлемінде қарызын өтеуі тиіс. Ал ең аз көрсеткіш ретінде энергия қызметі үшін 11 630 теңге төлемек. Бұдан бөлек су бұру қызметтеріне 77 мың теңге, сумен жабдықтауға – 231 924 теңге, жылу қызметі үшін 230 937 теңге көлемінде өтемақы алынбақ.Бұл жөнінде қала әкімдігінің мәжілісінде мәлім болды. 

Шымкент: мектептер қысқа қамданып жатыр

Қалалық білім басқармасы алдағы жылыту маусымына қызу дайындық үстінде. Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сай бірінші қыркүйекке дейін барлық мектептер қажетті қатты және сұйық отынды тасымалдап алуы тиіс. 

Осы RSS каналға жазылу