Түркістан облысы: табыстың көзін тапқан кәсіпкерлердің қарасы көбейіп келеді
Түркістан облысы Жетісай ауданы Шаблан Ділдабеков ауыл округінде қара мал бордақылауда ағайынды Тугаловтарға тең келер ешкім жоқ. Қос бауыр бұл кәсіпті осыдан 10 жыл бұрын қолға алыпты. Мал бордақылаудың пайдасы көл-көсір болмаса да, бір әулетті асырауға жарап тұр дейді олар. Мәселен, «Әділ» шаруа қожалығы жылына 60 шақты бұқа мен 150-ге жуық ұсақ мал бордалықайды екен. Асықата кентіндегі орталық базарда ет саудалайтын нүктесі де бар.