Жиынның күн тәртібінде Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жастар және орта білім беру ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайында сөз болды.
Жиынға Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл басқармасы басшысы Е.Жүнісов, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Келес аудандық бөлімі басшысы М.Абдулла, Сарыағаш аудандық әділет басқармасы басшысы С.Байдүйсен сондай-ақ аудан әкімдігінің аппарат қызметкерлері қатысты.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»