Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындардың баспаналы болуына жағдай жасауда
Қазіргі таңда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қолдауымен шымкенттіктердің баспаналы болуға мүмкіндігі жоғарылай түсті. Таяуда ғана соның дәлелі ретінде Шымкент қаласының әкімдігі мен «Баспана» ипотекалық компаниясы АҚ арасында жасалған меморандум түзілген болатын. Ол меморандумға сәйкес бұдан былай бюджеттік салада істейтін әлеуметтік қызметкерлерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін баспана құнының бастапқы 20% жарнасының жартысына әкімдік тарапынан қайтарымды негізде субсидия берілмек.