Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 12:24

Түркістан облысы: Келес ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар жұмыссыз қалмайды

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Келес ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органының отырысы өтті. 

Жиынды Келес ауданы әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші органның төрағасы А.Сексенбаев жүргізіп отырды. Оған Консультативті кеңесші органның мүшелері, квота беріліп жатқан жұмыс берушілер және тиісті бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 2018 жылға белгіленген квотаның орындалуы және Келес ауданында пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту жұмыстары бойынша өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесі туралы, Келес ауданы бойынша жазасын өтеп келген, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту үшін белгіленген квота қағидасы жөнінде сөз болды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылардың хабарламасын тыңдап және туындаған сұрақтарды талқылай келе комиссия отырысы шешім қабылдады. Онда «Аудан әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарының квотасы белгіленген мекемелер квотаны орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілігі қаралсын. Пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтарға жүргізілген талдау, зерделеу жұмыстары ауданның жұмыспен қамту орталығына ұсынылсын» делінген.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 940 рет