Түркістан облысы: жетісайлық шаруа лимоннан алғашқы өнім ала бастады
Жетісай ауданында лимон көшеттері алғашқы өнімін бере бастады. Осыдан екі жыл бұрын 15 соттық жылыжайға тәжірибе ретінде егілген лимонның бір түбі шамамен 10 келіге жуық өнім беруде. Атамекен ауыл округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының көшетбағын аралап көрген аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев алдағы жылы лимоннан бөлек, шабдалы, құрма ағаштары мен шайлы роза көшеттерін көптеп дайындауға кеңес берді.