Жексенбі, 28 Қазан 2018 22:01

Түркістан облысы: жетісайлық шаруа лимоннан алғашқы өнім ала бастады

Жетісай ауданында лимон көшеттері алғашқы өнімін бере бастады. Осыдан екі жыл бұрын 15 соттық жылыжайға тәжірибе ретінде егілген лимонның бір түбі шамамен 10 келіге жуық өнім беруде. Атамекен ауыл округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының көшетбағын аралап көрген аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев алдағы жылы лимоннан бөлек, шабдалы, құрма ағаштары мен шайлы роза көшеттерін көптеп дайындауға кеңес берді. 

Жалпы, «Нұрсұлтан» шаруақожалығыныңиелігінде 17 гектаржербар. Оның 6 гектарына шабдалы, 2 гектарына құрма, 15 соттығына лимон, 80 мың түп шайлы роза көшеті егіліпті. Қожалық төрағасы Мұрат Жұмабеков алдағы жылы лимон көлемін тағы да 20 соттыққа арттыруды жоспарлап отыр. Мамандардың айтуынша, лимон бұтағы 25-30 жылға дейін өнім беруге қауқарлы екен.

«Алғашқыда лимонның көшетін Ташкенттен алып қондырдық. Өкінішке орай тегіс тамыр алып кетпеді. Содан өзіміз лимон көшетін әзірлеуге кірістік. Жұмысымыз нәтижелі болып, биыл алғашқы өнімді ала бастадық», - дейді Мұрат Жұмабеков. 

Бұданбөлекқожалықбиылшабдалыдан 3 тоннағажуықөнімалыпты. Қазір мұнда шабдалының 1200 «Супер лола», 1000 түп «Халима» сорты жайқалып тұр. Алдағы жылы 2 гектар құрма да алғашқы өнімін бере бастамақ.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 829 рет