Super User

Super User

Ордабасы аудандық білім бөлімін айыптаған М.Байгазинаның сөздері жала боп шықты

Осыдан бір апта бұрын Марзия Байгазина деген «Фейсбук» әлеуметтік желісінің қолданушысы Ордабасы ауданының білім бөліміне, соның ішінде басшысы Шұға Нұрабаева мен бөлімнің бас маманы Алмас Каюповке ауыр айыптар таққан-ды. Оның пікірінше, Ордабасы аудандық білім бөлімі мұғалімдерді 1-ші немесе жоғары санатқа өткізу үшін белгілі бір сомада пара талап етіпті-міс. Тіпті, осының арқасында бас маман Алмас Каюпов шетелдік қымбат көлік мініп алыпты деген болатын. Таяуда аталмыш мәселенің ақ-қарасын білейік деп Ордабасы ауданының білім бөліміне бардық. Бөлім басшысы Шұға Нұрабаева мен кадр жөніндегі бас маман Алмас Каюпов мәселенің мән-жайын жақсылап түсіндіріп берді. Ең бастысы, М.Байғазинаның таққан айыптары жала, жоқ жерден шу шығару екеніне көзіміз жетті. 

Шымкенттік дәрігерлер 8 бірдей шетел азаматына бүйрек ауыстыру отасын жасады

Шымкентте осымен жүзінші мәрте бүйрек ауыстыру отасы жасалды. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында бүйрек жетіспеушілігі ауруы бойынша 700 адам есепте тұр екен. Барлығына дерлік бүйрек ауыстыру отасын жасау керек.

«Бекжан» базары маңындағы жолайырық қараша айында пайдалануға беріледі

Шымкент қаласындағы «Бекжан» базары маңында салынып жатқан Алматы-Ташкент бағытындағы Темірлан тас жолы жолайрығының құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталыпты.  Құрылыс жұмыстары былтыр, яғни 2017 жылы басталған болатын. Құрылысшылар Құдай қаласа қараша айнының алғашқы күндері пайдалануға беруді жоспарлап отыр екен.

Шымкенттің 1 миллионыншы тұрғынының есімі – Айсұлу

Шымкентте бүгін ерекше күн. Тарихи күн десе де болғандай. Себебі, алып шаһардың миллионыншы тұрғыны анықталып, оған өңіріміздің атқамінерлері пәтер сиға тартты. Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев пен ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев миллионыншы тұрғынды дүниеге әкелген Еламановтар отбасына осындай сый құрмет көрсетіп отыр.

Осы RSS каналға жазылу