2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының базасында 100 мәрте бүйрек трансплантациясы отасы сәтті жасалыпты. Бұл дегеніміз, ондағы дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейі мен аталмыш аурухананың үлкен жетістікке жеткенін байқатады.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен медициналық туризмді дамыту мақсатында Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының базасында Германия, Канада, Израиль, Румыниядан келген 8 шетел азаматына тірі донорлардың бүйрегін ауыстырып салу отасы жасалғанын айт кетейік. Бұл мәліметті Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратты.
Дәрігерлер науқастардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда дейді. Донорлар мен ота жасалған науқастар амбулаторлық ем қабылдауға жатқызылған. Шымкенттік дәрігерлер осы жетістікпен тоқтап қалмай, әрі қарай да трансплантология бойынша тәжірибелерін арттыра түспек. Бұл өз кезегінде медициналық турзимнің дамуына серпін берері сөзсіз.
«AQ-QARA.KZ - ақпарат»