Іскер азаматтар Түркістанды түлетуде аянып қалмайды
Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен және іскер азаматтармен кездесіп, облыс орталығы – Түркістан қаласын дамытуға жасалған жобалардың барысымен таныстырды. Өңір басшысы Елбасының Түркістанды түлетуге аса назар аударып, оған республикалық бюджеттен бөлек еліміздің өзге өңірлерін, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерін атсалысуға шақырғанын атап өтті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.
- Бөлім:  Билік және саясат
- 0