Сейсенбі, 04 Қыркүйек 2018 23:18

Түркістан облысы: Келес ауданында ұстаздар жаңа оқу жылын жоспарлады

Келес ауданындағы Абай ауылы мәдениет үйінде аудандағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. 

Тамыз педагогикалық кеңесіне аудан әкімі, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық білім бөлімінің басшысының м.а., ардагер ұстаздар, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Тамыз кеңесіне қатысушылар үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының өнер, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктері таныстырылды.

Аталмыш жиынды Келес ауданының әкімі А.Есбаев ашып берді. Жиын барысында аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков, ауданның білім бөлімінің басшысының м.а. М.Омаров білім саласының маңыздылығы мен тың өзгерістеріне тоқталды.

Одан кейін Келес ауданы білім бөлімінің басшысының м.а. М.Омаров «2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылындағы алға қойылған міндеттер туралы» баяндама жасады.

Жиын соңында аудан әкімі өткен оқу жылында нәтижелі жұмыстар көрсеткен ұстаздарды «Алғыс хатымен» марапаттап, сыйлықтар табыстады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1514 рет