Сауран ауданы: заңсыз құрылыс пен жер пайдалану мәселесі бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан аумағындағы заңсыз құрылыс нысандары мен жер учаскелерін заң талаптарын бұза отырып пайдалану мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жиынға тиісті салаға жауапты бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және кәсіпкерлік нысандарының өкілдері қатысты.