Комиссия отырысында екі мәселе қаралды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы бірінші орынбасары А.Сапарбеков қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу, қаржы пирамидалары, заңсыз ойын бизнестері, есіртке айналымына жол бермеуге бағыттаған профилактикалық шаралар туралы баяндады.
Баяндамашының сөзіне сүйенсек, әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция пункттерінің әкімшілік аумақтарында іс -шаралар атқарылуда. Сонымен қатар, көше және қоғам қылмыстарымен жасөспірім арасындағы қылмыстарды алдын алу мақсатында құқық бұзушылықтарды болдырмау, болған қылмыстарды дер кезінде ізін суытпай ашу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Қоғамдық әлеуметтік шиеленістің алдын алу, қаржы пирамидалары, заңсыз ойын бизнестері, есірткі айналымына (медефдрон) жол бермеу мақсатында профилактикалық шаралар да қарқынды түрде өткізілуде. Профилактикалық іс-шаралар бойынша ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, жоғарыда аталған мәселелер бойынша тұрғындар арасында түсіндірілуде. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында медефдрон шегетіндер көбейген.
Сауран аудандық емханасы бойынша психиатр – нарколог маманындарының баяндауынша диспансерлік есепте тұратын науқастар саны – 652, оның ішінде бала саны – 151, ересектер саны – 501. Алкоголь бойынша есепте тұратындар саны – 47. Оның ішінде Шымкент қаласына псих диспарсерге жолданғандар саны – 51. Кентау қаласына жолданғандар саны – 25. Алкоголь бойынша Шымкент қаласына жолданғандар саны – 4. Пробациялық тексеруден өткендер саны - 34.
Ербол Ұласбекұлы өзекті мәселе бойынша тиісті ұсынымдар енгізіп, комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мекеме басшыларына іс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуына тиісті тапсырмалар берді.
Елімізді жер бетінде демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде таниды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Мемлекетімізде құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде арнайы заң да қабылданғаны белгілі. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құқық бұзушылықтың алдын алу - мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар және өзге де шаралар кешені; 2) құқықтық тәрбие - азаматтарда заң сыйлаушылық мінез-құлықты қалыптастыруға, құқықтық білім алуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені; 3) әлеуметтік бейімдеу - қоғамда қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормаларын адамның бойына белсенді сіңдіру процесі; 4) әлеуметтік оңалту - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі органдары мен мекемелері жүзеге асыратын, құқыққа қарсы мінез-құлықты адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогтік көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық немесе моральдық жарақатты жеңу процесі; 5) криминологиялық сараптама - олардың криминогендік жағдайдың жай-күйіне ықтимал әсерін бағалау үшін жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын арнайы зерттеу; 6) жеке профилактикалық жұмыс - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің әлеуметтік қауіпті жағдайдағы адамдарды уақтылы анықтау, оларды әлеуметтік оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылық жасауын ескерту жөніндегі қызметі; 7) құқық бұзушылық - ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жауапкершілік көзделетін, жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін адамның құқыққа қарсы, кінәлі әрекеті не болмаса әрекетсіздігі; 8) қоғамға қарсы іс-әрекеттер - белгіленген әлеуметтік нормалар мен мінез-құлық ережелерін бұзатын, адамның психикасына және/немесе денсаулығына теріс ықпал ететін іс-әрекет: алкогольдік ішімдікті жүйелі түрде пайдалану, есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес тұтыну, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен және жезөкшелікпен айналысу; 9) заң сыйлаушылық мінез-құлық - заңда белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын адамның саналы жүріс-тұрысы; 10) профилактикаланатын адам - оған қатысты жеке алдын алу жұмысы жүргізілетін, құқық бұзушылықтың алдын алу субъектісінің профилактикалық есебінде тұратын жеке адам; 11) құқықтық тәртіп - заңдылықты сақтау, заңмен кепілдік берілген құқықтарды іске асыру және барлық жеке адамдардың, органдардың және ұйымдардың заңда белгіленген міндеттемелерді орындауы.
Осы Заңның мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай мемлекеттік саясат орнату, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Аталған Заңның міндеттері: 1) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету; 2) құқық бұзушылықтың деңгейін азайту; 3) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою; 4) бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық байланыстарын жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту; 5) құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің және оған қатысушылардың қызметін үйлестіру; 6) салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті тәрбиелеу; 7) құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету болып табылады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»