Дүйсенбі, 22 Мамыр 2023 23:43

Түркістан: облыс әкімі жазғы сауықтыру лагерлерінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді тапсырды

Биыл Түркістан облысында 40 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Оның ішінде әлеуметтік жағдайына байланысты 23 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен тегін барады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. 2023 жылы 1050 бала республикалық оқу-сауықтыру лагерлерінде сауықтырылады. Балардың қауіпсіздігі – басты талап! Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндалды.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, қала сыртындағы лагерлер маусым айының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді. Сондай-ақ мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын 330 лагерь ашылады. Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында жаз мезгілінде 110 мыңға жуық бала көркейту, көгалдандыру, құрылыс бригадалары мен мектеп орманшылығынның жұмысына қатысатын болады. Облыста биылғы 2022-2023 оқу жылында 17 жазғы сауықтыру лагерлері (7 мемлекеттік, 10 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

Облыста орналасқан қала сыртындағы мемлекеттік жазғы сауықтыру лагерлері соңғы 10 жылдан астам уақыт жөндеу жұмыстарынан өткізілмеген. Отырыста олардың жай-күйі таныстырылды. Талапқа сай келмейтін демалыс аймақтарын ретке келтіруге облыстық бюджет есебінен тиісті қаржы қарау ұсынылды. Сонымен бірге таулы аймақтарда орналасқан мемлекет меншігіндегі жазғы сауықтыру орталықтарын ретке келтіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Облыс әкімі мемлекеттік және жекеменшік жазғы сауықтыру лагерлерінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді, жазғы сауықтыру лагерлерін санитарлық талапқа сәйкес келтіруді және кемшіліктерді жою бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Жауаптыларға балаларды жазғы сауықтырумен және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын қатаң бақылауға алуды жүктеді.

– Жазғы сауықтыру лагерлерінде спорт алаңдарын, балаларды дамыту орталықтарын жабдықтау, сондай-ақ, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бойынша шараларды арттыру керек. Әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларды сауықтырумен, жазғы демалыспен барынша қамтуды қамтамасыз ету қажет. Бұл жұмысқа ірі кәсіпорындарды, бизнес өкілдерін тартқан жөн. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз. Осыған орай, барлық лагерлерге полиция қызметкерлерін бекітіп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларын қатаң жүргізуді тапсырамын. Жазғы демалыс кезіңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда.Мемлекеттік және жекеменшік жазғы сауықтыру лагерлерінде қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, жазғы сауықтыру лагерлерін санитарлық талапқа сәйкес келтіру қажет,– деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Оқушыларды тасымалдайтын автобустарға міндетті түрде патрульдік полицияның арнайы автокөліктерімен ілесіп жүру жүзеге асырылады. Балаларды полициясыз тасымалдауға тыйым салынады. Оқушылардың жазғы демалыс кезінде полиция қызметкерлері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын.

Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаевтың мәлімдеуінше, автобустардың техникалық жағдайы толық тексерілуі тиіс. «Абайлаңыз, балалар!» тақтайшасы алдынғы және артқы жақтарында, көліктін доңғалақтары және техникалық жағдайы талапқа сай болуы қажет. Автобуста қаралған орындықтардан артық балаларды отырғызуға болмайды және де қосымша жүргізуші міндетті түрде болуы тиіс. Балалардың жазғы демалу кезеңінде полиция қызметкерлері лагерлерге бекітіліп, қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін лагерь аумағында тәулік бойы кезекшілікке түседі.

Балалардың жазғы демалыс орындарының өрт қауіпсіздігі

Жақын арада жылы жайнаған жаз келіп демалыс кезеңі басталады, бірақ үлкен де кіші де білуі керек, жазғы демалыс мезгілі бұл – өрттер және басқа да төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары қауіпті кезеңі.

Жазда көп балалар өзінің жазғы демалысын лагерьлерде өткізеді, олар көбінесе табиғат аясына жақын жерлерде орналасады. Сөзсіз барлық балаларға лагерь орман маңында орналасқаны өте ұнайтын еді. Орман табиғаты өз көркемділігі және айбындылығымен қуантады және әсіресе жаз мезгілінде жақсы демалуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге балалар және үлкендер үшін жазда орманда жүру өте үлкен жауапкершілік екенін есте сақтау керек. Өйткені жаз – бұл өрт қауіпті кезең, және орман алабында өрттің пайда болуына түкке тұрмайтын кішкентай ұшқын да жеткілікті. Сондықтан, жаз кезеңдегі айтарлықтай мәселе – бұл ормандарда және шымтезекті батпақтардағы өрттер.

Табиғатта, орманда, алау жағып достарыңмен уақыт өткізген өте жақсы екенін барлығы жақсы біледі. Бірақ, осындай демалысты қалай ұйымдастыру керегін білу қажет. Алауды жағу кезіндегі сақтауға қажетті ережелер бұл - алауды су көздерінің маңында жағу, алау отының орнын құрғак шөптен тазалау, салбыраған бұтақтардың маңында алау жақпау, алау орнын қазып және таспен қалау.

Табиғатта өрт пайда болған жағдайда, шамалы жанудың маңынан өтіп кетпеңіз, мүмкіндігінше сөндіруге шаралар қабылдаңыз. Отты жасыл бұтақтарынан жасалған сыпыртқымен, қап матасы, брезент матасымен, киімдермен сөндіріп көріңіз. Отты жауып, шетке сыпырып тастап, кішкентай от ошақтарын аяқпен басып тастау керек. Тағы бір көп тараған тәсіл – оттың үстін жер құммен көміп тастау керек. Егер өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса – құтқарушылардан көмек сұрап, тез арада қауіпті орыннан кетуге тырысыңыз.

Балалар лагерлерінің өрт қауіпсіздігіне, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауына және өртке қарсы шараларын уақытылы орындауға лагердің басшысы жауап береді. Жеке жайлардың өрт қауіпсіздігін, өртке қарсы ережелердің талаптарын сақтауға және уақытында өртке қарсы іс-шараларын өткізуіне, басшының бұйрығымен осы жауапкершілік артылған лауазымды тұлғалар (тәрбиелеуші, бала шығармашылық үйірмесінің басшысы, асхана  және қойма меңгерушісі) жауапты.

Тәрбиелеушілермен, медицина және күту қызметкерлері құрамымен өрт қауіпсіздік ережелерін оқып үйренуге; жайларды қажетті өрт сөндіру және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге, кезекші қызметкерлерді - электр энергиясын өшірген жағдайда электр қол шамдармен қамтамасыз етуге; балалар және қызметкерлер болатын ғимараттарда пиротехникалық бұйымдар, тұтанғыш сұйықтық, жанғыш сұйықтық және басқа өртенгіш заттар мен маталарды сақтауға жол бермеуге; өрт пайда болған жағдайда балалардың, адамдардың және материалды құндылықтардың эвакуациялау жоспарымен және осы жоспарларға нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге, осыған сәйкес жарты жылда бір рет оларды машықтау бойынша  тәжірибелік сабақтар өткізуге; әр ғимаратты, үй-жайды, лагерь аумағының учаскесін өрт пайда болуы мүмкін жағдайда өрт сөндіру және байланыс құралдарымен, дабыл беру жабдықтарымен, көрнекі үгіт-насихатпен, өрт қауіпсіздік белгілермен, адамдарды хабарландыру жүйелерімен қамтуға және олардың жарамды жағдайын қамтамасыз етуге жауапты.

Қызметкерлер құрамы кезекшілікке тұрған кезде: лагердегі балалардың санын білуі, алғашқы өрт сөндіру және телефон байланысының болуын және пайдалануға дайындығын тексеруі тиісті.

Лагерь аумағында, ғимараттарында: арнайы орындардан басқа жерлерде шылым шегуге; алау жағуға, қоқыс өртеуге, пиротехникалық заттарды қолданып отшашуларды атуға; ғимараттарға және сукөздеріне өтпе және кіре беріс жолдарын қазуға тыйым салынады. Жиһаздарды орналастыру эвакуациялық жолдарды, өтпе және кіре беріс жолдарды бітеп тастамауы, адамдардың еркін өтуіне кедергі жасамауы керек.

Лагерь басшысы (немесе оның орнын басатын тұлға) өрттен қорғау жүйелерін штаттық жаттыққан мамандардың күшімен білікті пайдалануын қамтамасыз етуге, оларды жұмысқа жарамды жағдайға келтіруге дереу шараларды қабылдауға міндетті.

ЛАГЕРЬДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Әрбір лагерге келгеннен кейін бірінші минуттан бастап лагерь дүние мүлкіне жауапкершілікпен қарау.

Лагерь бөлмесін қоқытуға рұқсат етілмейді.

Телеапаратураларды, шамжаққыштарды, электросымдарын балаларға қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.

Лагерь аймағын ластауға, қағаздарды лақтыруға болмайды.

Тәрбиешінің рұқсатынсыз балаларға лагерь аймағынан кетуге болмайды.

Техникалық қауіпсіздік ережесі:

Бөлмелерде ұшты, өткір және жарылғыш заттарды ұстамау.

Электр сымдардың ашық тұрған жерлерін ұстамау және оңдамау.

Теледидарды және т.б. электр құралдарын өз беттерімен жөндемеу.

Балта, балға және өткір заттарды рұқсатсыз пайдаланбау. 

Лагердегі гигиеналық талаптар:

Киімді дұрыс таңдау, организмнің қоршаған ортаға тез үйренуіне, дененің жылуын сақтауына және терінің лас болмауына көмегін тигізеді. Жылы күндері жеңіл киім қажет. Күн ыссы болғанда күннің көзіне ақ матадан тігілген киім киген дұрыс. Тәрбиешілер оқушылардың киімдерінің таза болуын қадағалау қажет. Оларды өзінің гигиеналарына дұрыс қарауын тәрбиелеу керек. 

Өрттен сақтану ережелері:

Электр желісінен аулақ болу.

Электр пештерінен аулақ болу.

Өрт байқаған кезде тез арада лагерь меңгерушісіне немесе тәрбиешілерге хабарлау.

Сіріңке мен жарылғыш заттарды пайдаланбау.

Үтікті және электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау және оларды қараусыз қалдырмау.

Өрт болған жағдайда сыртқа шығу және кішілерге көмек беру.

Күйіп қалған жағдайда медициналық көмек көрсету.

Жиһаздар мен зат мүліктерін күтіп ұстау ережелері:

Лагерь мүліктерін таза ұстау.

Бөлмелерді, жиһаздар мен мүліктерін күтіп ұстау.

Төсек орындарын жыртпай және берген заттарды күтіп ұстау.

Төсек орындарын ауыстырып отыру.

Суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

— Ең алдымен рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз (алдын-ала жағажай түбі тексерілген жерлерде және төтенше жағдай кезінде көмекке келетін адам бар жерде).

— Шомылатын орынға тыйым салынбағанын тексеріңіз.

— Шомылатын орынның тереңдігін біліп алыңыз;

— Тамақтанып болғаннан соң бірден суға беттемеңіз;

— Су ішінде алысып ойнамаңыз;

— Еш уақытта қараңғы уақытта, сондай-ақ, масайған күйінде шомылмаңыз.

— Егер шомылуға жалғыз барсаңыз ,жақсылап ой таразысына салыңыз, төтенше жағдай бола қалса, сізге кім көмектесетінін ойлаңыз.

— Судағы төтенше жағдайдың басты себептері: азаматтардың құтқарушылар күзетпейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен әрі ұстанбауынан, ішімдік ішіп алып шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр.

— Тым ұзақ шомылмаңыз, тоңып қалуға дейін жеткізбеңіз, аяқ-қолыңыздың тырыспауын қадағалаңыз;

— Қоршау белгілерінен алыстап кетпеңіз;

— Шомылу кезінде судың суық болмауын байқаңыз, себебі, суық суда тоңудың әсерінен өлім саны көп болады. Суық суға түскен адам 10 – 30 минутта суық өтіп қайтыс болады. Организмнің тез салқындауы ашыққан кезде, тым тойынған кезде, шаршаған кезде және адамның мас күйінде болады. Тұщы суда адам 1 – 3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады.

— Ерекше көңілді балаларға бөліңіз, үлкендердің қарауынсыз жеке қалдырмаңыз, шомылу білмейтін балаларды суға мүлдем жақындатпаңыз.

Әрбір бала ересектердің көмегімен жүзуді үйренуі тиіс, алайда балаларды суда ешбір қараусыз қалдыруға болмайды. Суға батып бара жатқан ең алғашқы істейтін шара- төңіректегілердің назарын «адам батып барады !» деп айғайлау арқылы аудару. Батып бара жатқан адамды құтқаруға ұмтылатын ересектер әрқашан табылады. Адамды кез келген құтқару құралының көмегімен аман алып қалудың оңай екендігін есте ұстаған жөн. Ол су бетінде қалқып жүрген және батып бара жатқанға лақтырып жүрген және батып бара жатқанға лақтырып жеткізетін кез келген зат болуы мүмкін.

Көшедегі қауіпсіздік.

Көшелер мен жолдардың элементтері.

Көшелер мен жолдардың элементтеріне мына түсініктер жатады: жол, өтетін бөлік , ажырату жиегі, қозғалыс алабы, қиылыс, аяқжол, жүргіншілер сүрлеуі, жүргіншілер өткелі, темір жол өткелі.

Жол- көлік пен жүргіншілер қозғалысы үшін пайдалынатын кез келген көше, даңғыл, тыйым көшелер т.б.

Өтетін бөлік- көлік құралдарының қозғалысына арналған. Жолдың бірнеше өтетін бөлігі болуы мүмкін, олардың шекарасы ажырату бөлігі болып табылады.

Ажырату жиегі- аралас өтетін бөлікті ажырататын және көлік құралдарының қозғалысына немесе аялдамасына арналмаған жол элементі.

Қозғалыс алабы- таңбамен белгіленген немесе белгіленбеген және көліктердің бір қатарда қозғалуы үшін жеткілікті ені бар өтетін жолдың кез келген ұзын алабы.

Түйіспе- қиылысатын , қосылатын жер немесе жолдың бір бағытта тармақталуы, өтетін бөлікті оның қарсы беттегі жалғасымен қосады, жорамал сызықтармен шектеледі.  

Аяқжол- өтетін бөлікке жапсарласқан немесен одан газон арқылы ажыратылған жүргіншілер қозғалысына арналған жол бөлігі.

Жүргіншілер сүрлеуі- жүргіншілер қозғалысына арналған төселген жер.

Қай көше, қай қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен,кіші,баршамызға. 

Көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүру ережелері

- Жүргіншілер оң жағына қарай отырып аяқжол немесе жүргіншілер сүрлеуімен қозғалуға тиіс.

- Жолдың диегімен немесе өтетін жолдың шетімен жүрген кезде жүргіншілер көлік құралдарының қозғалысына қарсы жүруге тиіс.

- Балалар топтарын аяқжол және жүргіншілер сүрлеуімен алып жүруге, ал олар жоқ болса, тек күндізгі уақытта ересектердің жанында ғана жүруге рұқсат етіледі.

- Қозғалыс реттелетін жерлерде жүргіншілер реттеушінің немесе бағдаршамның дабылдарын басшылыққа алулары тиіс.

- Жасыл шамнан үлгере алмаған жүргіншілер қауіпсіз нүктеде немесе қарсы бағыттағы көлік ағындарын ажырататын жерде тұруға тиіс.

- Көшеден өткен кезде алдымен сол жаққа, ал ортасына жеткен кезде оң жаққа қарау керек.

- Аялдамада тұрған автобусты, өзіңіз жақындаған автокөлікті, ал жүргізуші сізді көру үшін арт жағынан, ал қарсы келе жатқан трамвайды байқау үшін алдынан айналып өткен жөн.

- Қозғалыс өте жиі жолдан асықпай, ешбір жағдайда жақындаған машиналардың алдынан жүгірмей және секірмей өткен жөн.           

Жүргіншілерге тыйым салынады:

- Ажырататын жиек бар және жүргіншілер немесе жол қоршауы орнатылған жерлерде машина жүретін жолдан жүргіншілер сүрлеуінсіз өтуге;

- Машинаның келе жатқандығына немесе жоқтығына қарамастан, қызыл бағдаршамнан өтуге;

- Аяқжол арқылы өтетін жол үстінен жүгіріп өтуге;

- Аяқжолдың шетінде жолдан өтуді күтуге;

- Автобус аялдамасында қозғалып келе жатқан көліктен теріс бұрылуға;

Моншадағы қауіпсіздік ережелері:

Моншаға 30 минут түсу.

Монша ішінде алысып, итеріп ойнамау.

Моншада суды ысырапсыз пайдаланбау, үнемдеу.

Үлкендер кішілерге көмек көрсету.

Ыстық суды пайдаланғанда мұқият болу және күйіп қалмау.

Моншаға түскеннен кейін жылы киін.

Лагердегі төтенше жағдайлардан сақтану жолдары.

Жазғы балалар лагеріндегі тәлімгер балаларға қауіп төндіретін обьектілерді өзі әуелі біліп, одан кейін балаларды таныстыру қажет.

Егер тоқ соқса…

Тәлімгер бірінші тоқты сөндіру жолын іздестіруі керек. Екінші тоқ соққан адамға көмектескен кезде құрғақ шүберекпен орап, қолмен тоққа соғылған адамның киімін ғана тартып, «орныңда секір» деп айқайлауы керек. Алғашқы медициналық жәрдем беру ұйымдастырылады.

Қатты найзағай ойнағанда…

Ашық жерден сақтанып сай , шұңқыр жерлерге жасырыну керек. Жүгіруге болмайды.

     Жасанды тыныс беру…

Ол үшін баланы шалқасынан жатқызып, ілгектерін ағытып баланың оң жағынан тұрып, оң қолыңды мойнының астына салып, сол қолыңды мойнына қойып, шалқайтып ауызына үлкен сұқ саусағын салып, ашып, кез келген таза орамал, шүберек, дәке пайдаланып дем бересін. Көкірек клеткаларының қимылын қадағалайсыз. 12- 15 рет дем беруі керек. Демінің сыртқа шығуын біртіндеп басталуы керек.

Тікелей жүрекке массаж…

Баланы қатты нәрсеге шалқасынан жатқызып, баланың сол жағынан тұрып, қолыңды жүректің 21 сүйегіне қойып, сыртынан басып, минутына 60- 80 рет қимыл жасап басасыз. Әрбір басқаннан кейін қан жүруге мүмкіндік бересіз. Демалысы басталғаннан кейін, массаж тоқтатылады.

Мұрыннан қан кеткенде…

Басын кішкене шалқайтып, өзін тікесінен тұрғызып, көйлегінің ілгектерін босату керек. Сумен мұрнын жуып  тазалап, мұрынға , желкеге салқын компресс қою керек. Мұрынды үлкен сұқ саусақтармен 10 минуттай басып тұруға болады. Қан кетуі әрі қарай жалғаса берсе, дереу дәрігер шақыру керек.

Күн тигенде…

Баланы салқын жерге шығарып, басын, беті- қолын салқын сумен жуу керек. Суға кішкене тұз салып беруі керек. Бала есінен танып қалса, су беруге болмайды.

Улы жәндіктер шаққанда...

Ара шаққанда салқын сумен, спиртпен компресс жасалынады, сарымсақ басу керек. Шикі картопты жарып, шаққан жерді сүртуге болады. Жылан шаққанда орнынан қозғалпай, қорқуын басып, шағылған жерден жоғары таңып. Жолжелкенді (уақтап) шаққан жерге салады. Сұйық нәрсе ішкізу керек.

Жазғы демалыстың қауіпсіздігін ұйымдастыру»

Жаз мезгілі келіп, күн жылынған шақта оқушылар демалысқа шығып, сужағасына барып, табиғат аясында серуендеп, демалып,суға шомылатыны белгілі. Алайда жаз мезгілінде өрт және су атты тілсіз жаудың торына түсіп жатқандар саны көбейеді. Адамдардың суда қауіпсіздік ережелері мен шараларын сақтамауы, балалардың суға шомыла білмеуі орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.

Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстың аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өзен-көл, жалпы, су айдындарының бойында рейд жүргізу және барлық су айдындарының жағасын аралау, ескерту жасау, қауіпсіздік жадынамаларын тарату секілді профилактикалық іс-шаралар кешенін күн сайын жүргізуде.

 Балалар лагерлерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды, себебі өрт шыққан кезде үлкен материалдық шығын ғана емес, сонымен қатар балалардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан балалар лагерінің әрбір қызметкері белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге және қатаң орындауға міндетті. Өрт шыққан жағдайда бірінші кезекте ол балаларды құтқару бойынша өзіне байланысты барлық шараларды қабылдауы, содан кейін өртті сөндіруге кірісуі тиіс. Көптеген ата-аналар балалармен өрт қауіпсіздігі ережелері туралы әңгімелерге уақыт таппайтыны немесе балаларды тәрбиелеу ісінде ғана мектепке сүйенетіні құпия емес.

Балалардың отпен ойнауы салдарынан пайда болатын өрттердің талдауы балалардың отпен абайлап әрекет ету дағдыларының жоқтығынан, олардың мінез-құлқына жеткіліксіз бақылау және балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмауынан көрінеді. Алайда, балалармен жазатайым оқиғалардың көпшілігі қауіпсіз өмір сүру үшін қажетті жағдай жасау арқылы бала жасай алатын нәрселерді болжай отырып, алдын алуға болады. Ең бастысы ерте жастан балалардың отпен абай болу дағдыларын тәрбиелеу. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 218 рет