Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» аясында ардагерлерге арналған тарихи-танымдық сапар ұйымдастырылды

2025 жылдың 14–15 мамыр күндері Отырар ауданы әкімдігі мен “Белсенді ұзақ өмір” әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» аясында ардагерлерге арналған тарихи-танымдық сапар сәтті өтті.

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫНЫҢ ІС - ӘРЕКЕТТЕРІН БАҒАЛАЙТЫН ЖҮЙЕНІ ІСКЕ ҚОСАДЫ

ҚР Әділет министрлігі Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Цифрлық көмекші» форматты-логикалық бақылау ақпараттық жүйеде қабылданған шараларды толық бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Міндетті атқару комитетінің төрағасы Махсат Балабеков хабарлады.

ШЫМКЕНТТЕ БЫЛТЫР 27 МЫҢ ТҰРҒЫН САПАЛЫ АУЫЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Бүгінде Шымкент қаласында 81 шағын аудан, тұрғын алап пен елді мекен бар. Оның 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалғаны тек 23 мың тұрғыны бар Құрсай елді мекені болып отыр. Яғни, қаладағы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші — 99,5 пайыз.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДИЗАЙН КОДЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Алатау медиа» орталығында «Түркістанның дизайн коды» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дизайн код ресми түрде таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді.

Трамп: АҚШ Иранмен ядролық келісімге жақын қалды

Бұл мәлімдеме АҚШ пен Иран арасында жалғасып жатқан келіссөздер аясында жасалды, оның барысында тараптар негізгі мәселелер бойынша келіспеушіліктерді еңсеруге тырысады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалында болып, жаңа нысанның ішін аралап көрді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров министрге қазіргі жағдайды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Ордабасы ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға азаматтар көтерген мәселелерге жауапты қызметкерлер және сала мамандары қатысты.

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан орталығында салынып жатқан 200 орындық заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков нысанның құрылыс барысын бақылауына алып, сапасына назар аударды. Аралау кезінде мердігер мекеме өкілдері мен тиісті сала мамандары да болды.