ОТЫРАР АУДАНЫНДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан облысы Отырар ауданында шіркейлерге қарсы дезинсекциялық жұмыстар кең ауқымда және күшейтілген режимде жалғасуда.
Түркістан облысы Отырар ауданында шіркейлерге қарсы дезинсекциялық жұмыстар кең ауқымда және күшейтілген режимде жалғасуда.
«Алатау медиа» орталығында «Түркістанның дизайн коды» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дизайн код ресми түрде таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді.
Бұл мәлімдеме АҚШ пен Иран арасында жалғасып жатқан келіссөздер аясында жасалды, оның барысында тараптар негізгі мәселелер бойынша келіспеушіліктерді еңсеруге тырысады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалында болып, жаңа нысанның ішін аралап көрді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров министрге қазіргі жағдайды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға азаматтар көтерген мәселелерге жауапты қызметкерлер және сала мамандары қатысты.
Бүгін Сауран ауданы әкімдігінде шетелдік инвесторлармен жұмыс бабындағы кездесу өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, сондай-ақ тиісті бөлім басшылары қатысты.
Аудан орталығында салынып жатқан 200 орындық заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков нысанның құрылыс барысын бақылауына алып, сапасына назар аударды. Аралау кезінде мердігер мекеме өкілдері мен тиісті сала мамандары да болды.
Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «МУХИТДИНОВ» шаруа қожалығы табиғи өнім өндіру ісін қарқынды түрде дамытып келеді. Жеке кәсіпкер Алымжан Мухитдинов құлпынай өсіру ісіне заманауи технологияны енгізіп, жылыжайда тамшылатып суғару әдісі арқылы экологиялық таза өнім өндіруді жолға қойған.
Ордабасы ауданына табысты сала кәсіпкерлік саласының, өндіріс және шет елден инвестиция тарту бағытындағы жарқын жұмыстармен танысуға Ақтөбе облысынан арнайы делегация келді.
Биыл еліміз үшін елеулі жыл. Олай дейтініміз ұлы ойшыл, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, киелі Отырар өңірінен шыққан ұлы тұлға Әбу Нәсір әл–Фарабидің туғанына 1155 жыл. Осыған орай Отырар ауданының 90 жылдығы аясында Ұлы ғұламаның өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Адамзаттың ұлы ұстазы» атты облыстық Фараби оқулары байқауы болып өтті.