Super User

Super User

Қазақстандағы туризм индустриясы үшін кадрлар даярлайтын жалғыз бейінді оқу орны Түркістан қаласында

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті - туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны. Университет оқу көлемінің 60%-ын – өндірісте, 40%-ын оқу орнында өткізеді. Бұл туралы брифингте аталған университет ректоры Әлібек Шоқпаров мәлімдеді.

МҚІА төрағасы Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілер және жастармен кездесті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Түркістан облысындағы жұмыс сапары аясында облыс активі, Өңірлік кадр резервінің мүшелері және белсенді жастарымен кездесулер өткізді. Облыс активімен кездесуге Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, осы саладағы реформаларды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Түркістанда қазақстандық кітапханалық одақтың кезекті көшпелі жұмыс отырысы ұйымдастырылды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен жыл сайынғы «Қазақстандық кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің кезекті көшпелі жұмыс отырысы өтті.

Түркістанда әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Түркістан қаласында Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы ұйымдастырылды. Оған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, МҚІА жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Бибігүл Ағыбаева, орталық және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.

Осы RSS каналға жазылу