Super User

Super User

Түркістанда өрт сөндіру – құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті

Түркістан облысының орталығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХ және әйелдер арасындағы Х жазғы чемпионаттары өтті. «Түркістан Арена» орталық стадионында чемпионаттың ашылу салтанатына Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Асқар Төлешев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев, Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Александр Чистяков, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты. Олар құттықтау сөзін сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында семинар өткізілді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, өңірде балық шаруашылығын дамыту бағытында семинарлар өткізілді. Осы ретте Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында орналасқан «Шоқ-Талап» шаруа қожалығында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті тұрғындар үшін арнайы семинар ұйымдастырылды.

Түркістан: сапалы көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Атап айтқанда, 30, 32, 36 көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі мен салаға жауапты басшылардың тұрақты қадағалауында тұр.

Түркістанның экономикалық дамуы қарқын алып келеді

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен әкімдіктің кеңейтілген мәжілісі өтті. Алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді айқындау мақсатында ұйымдастырылған жиналыста қаланың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен перспективалары қаралды.

Осы RSS каналға жазылу