Созақ: 5 айда 10 дана қару өткізілді

2022 жылдың 5 айындааудантұрғындарыөзеріктеріменСозақаудандықполициябөліміне 10 данаатысқаруларынөткізген.

Сондай-ақ, Созақауданыполициябөлімініңқызметкерлеріменқоғамдыққауіпсіздіктіқамтамасызету, атысқаруыменжарылғышзаттардықолданаотырыпжасалғанқылмыстарменқұқықбұзушылықтардыңалдыналубойыншаатқарылғанжұмыстарыныңнәтижесіндезаңсызайналымдағыоттыатысқарулардызаңсызсақтап, пайдалыныпжүргенқұқықбұзушыларданбарлығы 8 данаәртүрліқаруларменоныңпатрондарытәркіленіп, қылмыстықжәнеәкімшілікжауапкершіліккетартылған. Қазіргітаңдааталғанбағыттажұмыстарәлідежалғасынтабуда.

Құрметтіаудантұрғындарыегердеішкіістероргандарындатіркелмеген, бұрыннанүйіңіздесақтаулытұрғанатысқаруларыменоныңпатрондары, жарылғышзаттарменқұрылғыларыболсаөзеріктеріңізбенөткізудісұраймыз.

Азаматтарөзеркіменқару-жарақзаттарынөткізгенжағдайда, олқылмыстықжәнеәкімшілікжауапкершіліккетартылмайтындығынескесаламыз.

Егердеқандайдабірақпаратыңызболсанемесетолықақпараталуүшін 102 (9102) сымтетігіненемесе 8 775 505 5566 ұялытелефонынахабарласуыңызғаболады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Полицейлер жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Жаз маусымы басталса, жасөспірімдердің суға түсетіндері белгілі. Алайда олардың ішінде судағы қауіпсіздікті сақтамайтындары да кездесіп жатады. Осыған орай Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді. Шараның мақсаты жасөспірімдердің суға түсуге тыйым салынған аймақтарда келеңсіз оқиғалардың алдын алу болды. 

Шара барысында аудан тұрғындарына суға түсуге болмайтын аймақтарға балаларды жібермеу, оларды қадағалау керектігі айтылды. Тәртіп сақшылары ата-аналарға осындай құқық бұзушылық орын алған жағдайда әкімшілік шара көрілетіндігін ескертті. Сонымен қатар жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Сондықтан әрбіріміз үшін судағы қауіпсіздікті сақтау маңызды. Полиция қызметкерлері жасөпірімдерге ата-ананың қарауынсыз шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға болмайтындығын ескертеді. Сонымен қатар, жүзуді білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жібермеуге кеңес береді. Өзіңіздің және өзгенің өмірі үшін сақ болайық!

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Үйінде есірткі сақтаған облыс тұрғындары ұсталды

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сатуға, сақтауға, егіп өсіруге және қолдануға заңмен тыйым салынған есірткі қылмысының алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Осындай кезекті тексеріс кезінде Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне 2 жергілікті тұрғынның есірткіні заңсыз сақтаумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Ақпарат алысымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері есірткі қылмысына күдікті ретінде аталмыш жергілікті 2 тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер ұсталған ер адамның бірінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. Нәтижесінде оның көйлегінің төс қалтасынан және үйінің ауласындағы қапшық ішінде газетке оралған өсімдік тектес есірткіге ұқсас затты тауып, оны тәркіледі. Сараптамаға сәйкес алынған есірткі заттары жалпы салмағы 8 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Ал, екінші тұрғынның үйін тінту кезінде оның қорасынан қағазға оралған есірткіге ұқсас зат табылды. Тағайындалған сараптама қорытындысымен алынған зат 60 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. 

Қазіргі таңда аталған жайттар СДТБТ-ға ҚР ҚК 297-бабы "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша тіркелді. Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Айта кетейік, егер де сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу деректері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Облыс полицейлері "Есірткісіз болашақ" тақырыбында акция өткізді

Түркістан облысы ПД, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс әкімдігімен бірлесе отырып, "Есірткісіз болашақ" атты тақырыпта ауқымы акция ұйымдастырды. Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов пен жеке құрам, Түркістан облысының білім, ішкі саясат, ақпараттандыру өкілдері және жастар қатысты.

Облыс орталығында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту. Өскелең ұрпақты спортпен және туризммен белсенді түрде айналысуға шақыру. Сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру. Аталған маңызы зор жиында облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов сөз сөйлеп, жастарға денсаулық пен сәттілік тіледі. 

Жиында полиция полковнигі Қ. Сахов: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың мәселелеріне көп көңіл бөледі. Біздің де өз тарапымыздан есірткіге қарсы іс-шараларды үнемі өткізіп отырамыз. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ – сіздердің қолдарыңызда! Сол себепті тек жақсылық әрекеттерге, жарқын болашаққа ұмтылайық!" - деді. 

Одан әрі акцияға қатысушылар таңертеңгілік жаттығулар өткізіп, салауатты өмір салтын және есірткіні қолданудың зияны туралы ұрандармен "Есірткісіз болашақ" атты флешмоб ұйымдастырды. Содан кейін спортшы-велосипедшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орталық стадионға салтанатты түрде алып шықты. Ары қарай іс-шара би ұжымдарының, каратэшілердің, боксшылардың, балуандардың және басқа да балалар спорт және көркемөнер ұжымдарының салауатты өмір салтына арналған қойылымдарына жалғасты. Облыстағы эстрада әншілері де өнер көрсетті.

Өз кезегінде, жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері өздерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдыларын көрсетті. Ал, кинологиялық қызметтің кинологтары қызметтік-іздестіру иттерінің өнерін ұсынды. Сондай-ақ полицейлер жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және есірткіге байланысты қылмыстардың салдары туралы айтты.

Акция соңында Түркістан облысының полицейлері жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақырып, естелік суретке түсті.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ДІНИ СИПАТТАҒА САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗГЕН...

ҚР ІІМ-нің 2022 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру бойынша Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді. Яғни түркістандық полицейлер жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезінде, «Ватцап» мессенджерінде діни сипаттағы сабақтар өткізу туралы хабарландырудың жарияланғанын анықтады.

Тексеру барысында полицейлер бұл "бизнес-аккаунт" діни бағыттағы онлайн-оқыту жүргізетін Кентау қаласының тұрғынына тиесілі екенін, оның заңсыз миссионерлік қызметпен айналысатынын білді.

Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабымен "Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жинақталған іс құжаттар Кентау қалалық сотына жолданды.

Жалпы жыл басынан бері Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қырағы қызметкерлерімен деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларына қатысты 375 әкімшілік хаттама толтырылса, оның 10-ы діни сипаттағы құқықбұзушылықтар. Анықталғандарға әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілігі қаралған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға шақырады. Егер де сіз осыған ұқсас құқықбұзушылық туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Есірткі бизнесіне қарсы ауқымды акция өтті

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс әкімдігімен бірлесе отырып, "Есірткісіз болашақ" тақырыбында ауқымы кең акция ұйымдастырды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов пен жеке құрам, Түркістан облысының білім, ішкі саясат, ақпараттандыру өкілдері және жастар қатысты. 

Облыс орталығында өткен іс-шараның мақсаты-халықаралық есірткіге қарсы акция өткізу, жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту. Өскелең ұрпақты спортпен және туризммен белсенді айналысуға шақыру, сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру. Жиынды облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов ашып беріп, жастарға мықты денсаулық пен сәттілік тіледі. 

Акцияда Қ.Сахов та сөз сөйлеп: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселелеріне көп көңіл бөледі. Соның ішінде біздің тарапымыздан есірткіге қарсы іс-шараларды үнемі өткізіп отырамыз. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ-сіздердің қолдарыңызда! Сол себепті тек жақсылық әрекеттерге, жарқын болашаққа ұмтылайық!"-деді. Одан әрі акцияға қатысушылар таңертеңгілік жаттығулар өткізіп, салауатты өмір салтын және есірткіні қолданудың зияны туралы ұрандармен "Есірткісіз болашақ" атты флешмоб ұйымдастырды. Содан кейін спортшы-велосипедшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орталық стадионға салтанатты түрде алып шықты. Мұнда іс-шара би ұжымдарының, каратэшілердің, боксшылардың, балуандардың және басқа да балалар спорт және көркемөнер ұжымдарының салауатты өмір салтына арналған қойылымдарымен жалғасты. Концерттік бағдарламамен облыс орталығының эстрада әншілері де өнер көрсетті. 

Өз кезегінде, жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері өздерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдыларын көрсетті, ал кинологиялық қызметтің кинологтары қызметтік-іздестіру иттерінің өнерін көрсетті. Сондай-ақ полицейлер жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және есірткіге байланысты қылмыстардың салдары туралы айтты. 

Акция соңында Түркістан облысының полицейлері жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға шақырып, естелік суретке түсті.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ОБЛЫСТА КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРЛАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ

Түркістан облысының әкімдігі мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен облысқа қарасты квазимемлекеттік сектор ұйымдарында тағайындалған комплаенс офицерлерге әдістемелік оқыту семинары өтті. Семинарда «Үлгілі базалық бағыт-4» жобасының «Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» бағыты бойынша кеңес берілді.

Оқыту жиынына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Идрисова, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері мен облыс аумағындағы жалпы саны 43 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде адалдық стандарттарын қамтамасыз етуге жауапты 43 комплаенс офицер қатысты.

Семинарда Түркістан облысы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас инспекторы Бауыржан Досжанов «Үлгілі жобалық бағыт-4» жобасының негізгі бағыттары мен жобаның Түркістан облысында жүзеге асырылу барысына тоқталса, Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Алия Ахметова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс ISO 37001 халықаралық стандарты» тақырыбы аясында ақпарат берді.

«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова комплаенс офицерлерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдаудың қағидасымен жіті таныстырып, оларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, ұйым қызметінің жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету міндеттерін түсіндірді.

– Сіздерге жауапты қызмет жүктеліп отыр. Әрбір квазимемлекеттік сектор ұйымдарында тағайындалған жауапты комплаенс мамандар бұдан былай мекеме ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, тәуекелдердің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар атқаратын болады, – деп қорытындылады Ержан Жүнісов.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

Шетелдік азаматтар кеурек дәрілік шөбін қазған

Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон желілерінің алдын-алу және оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында қарқынды түрде жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету де күн тәртібінен түскен емес. Атап айтсақ тәртіп сақшылары рейдтік-профилактикалық іс-шараларды үнемі ұйымдастырып, тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Кезекті рейд кезінде Арыс, Сарыағаш және Отырар аудандарының аумақтарында далалы жерлерде өсетін емдік қасиеті өте жоғары дәрілік «кеурек» (ферула) шөбін заңсыз қазғандар ұсталды.

Толығырақ айтар болсақ, Отырар ауданында 33 (Тәжікстан) және Арыс ауданында 101 (Өзбекстан) заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылып, 100-ден астам шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар «Кеурек» шөбін қазуға заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан Қазақстан Республикасының 2 азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен «Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама түзілді.

Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері тек орын алған құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескерту жасалды. Түркістан облысының полицейлері бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат