Түркістан облысында жайылымдарды елге қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында жайылымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы тапсырмасының орындалу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.

Түркістан: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары сараланды

Түркістанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың мәжілісі өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық жасап, жүргізіп отырды.

Сауран ауданында 21 атауы жоқ көшеге атау берілген

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі семинар бұл жолы Сауран ауданында жалғасты. Семинардың тақырыбы «Ономастикалық жұмыстарды ұйымдастырудағы өзекті мәселелер».

Сауран ауданы: құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында құқық бұзушылық жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев төрағалық етті. Жиналысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Сержан Байысбаев, ауыл округ әкімдері мен бөлім басшылары, депутаттар қатысты.

Сауран ауданы: су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Су тасқыны, су басу – болжап болмайтын салдарға әкелуі мүмкін, қауіпті табиғи құбылыс. Қауіптің алдын алу үшін түрлі шаралар жоспары түзіліп, халыққа түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Аудандық мәжіліс залында су тасқынының алын-алу, қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде селекторлық жиналыс өтті.

Сауран ауданы: комиссия отырысында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды

«Сыбайластықпен күрес ұдайы жүргізілуі тиіс». Бұл туралы әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі коммисия отырысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ербол Жанғазиев баса айтты.