ШЫМКЕНТТЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ ӨЗГЕРДІ

Деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

2024 жылғы 23 сәуірден бастап қаламыздағы мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады.

Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады.

Сонымен қатар, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады. А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды.

Енгізілген жаңашылдықтар көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енуінің арқасында мүмкін болды. Бұл әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өзгерістер "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.

Түзетулер жария талқылаудан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті және ІІО мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңеспен мақұлданды.

«Азаматтарға арналған үкімет» барлық көлік иелері мен жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жаңа ережелермен танысуға кеңес береді.

 

Дархан Сатыбалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияда жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Түркістан облысында мемлекеттік қызмет саласында қатысты құқықбұзушылықтар 78 пайызға азайған

Түркістанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ильхам Аметовтың қатысуымен министрлікке бағынысты өңірлік мекемелердің ұжымдарымен кездесу өтті. Семинарда мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы мен этика нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдепті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Түркістан облысында карьерлерді заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес жалғасуда

Түркістан облысында заңсыз карьер қазушыларға қарсы күрес күшейтіле түсті. Осы салада атқарылған жұмыстар мен жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды табиғатқа зиянын тигізіп, заңсыз әрекетке барған жер қойнауын пайдаланушыларды қатаң бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізуді жалғастыруды тапсырды.

Түркістан облысында карьерлерді заңсыз қолданушыларға қарсы күрес күшейді

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар қатары азаймай отыр. Өзен-көлдерден заңсыз құм, қиыршық тас қазып алып, сатып жүргендер қоршаған ортаға залал келтіруде. Түркістан облысында заң бұзушыларды анықтау және көлеңкелі жер қойнауын пайдалану фактілерінің жолын кесу жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді.

Түркістанда полицияның «қызмет орталығы» мен Ұлттық Ұланның ғимараты ашылды

Түркістан облысының орталығы жаңа ғимараттармен толықты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Еркін Ботақанов пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысының полиция департаментінде болып, «қызмет орталығының» ашылу салтанатына қатысты.

Түркістан облысында қызғалдақ пен тораңғыны қорғау акциясы өтеді

2024 жылы «Парктер шеруі» акциясының ашылуы Отырар ауданы Көксарай елді мекенінде өтеді. Бұл - жыл сайын дәстүрлі түрде табиғатты қорғау мақсатында өткізілетін акция. Аталған шара аясында 3 түрлі бастама қолға алынады. Олар: «Парктер тынысы» фотокөрмесі, «Сырдың көркі -тораңғы» атты қоқыс тазалау шарасы және «Қазақстан - қызғалдақтар отаны» акциясы. Бұл жайында брифингте «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы Жұмабай Көшербай мәлімдеді.