Түркістан облысында интернет-алаяқтыққа қарсы «CYBERPOL» тобы жұмыс істеуде

Түркістан облысында 2023 жылы интернет-алаяқтық бойынша 567 іс тіркелген. Оның 219-ы сотқа жолданған. Интернет-алаяқтыққа қарсы облыстық Полиция департаменті базасында «CyberPol» тобы құрылған. Құрамында 6 жедел уәкіл, 3 тергеуші, 1 криминалист және 1 ІТ-маман жұмыс істейді. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығының орынбасары Ердәулет Амантаев мәлімдеді.

Ордабасы ауданы: қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Ордабасы ауданы әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру аясында Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысында карьерлерді заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес жалғасуда

Түркістан облысында заңсыз карьер қазушыларға қарсы күрес күшейтіле түсті. Осы салада атқарылған жұмыстар мен жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды табиғатқа зиянын тигізіп, заңсыз әрекетке барған жер қойнауын пайдаланушыларды қатаң бақылауға алып, тиісті жұмыстар жүргізуді жалғастыруды тапсырды.

ТҮРКІСТАН: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖОЛДАРЫ САРАПТАЛДЫ

Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Бейсен Тәжібаев ашып, жүргізді.

Түркістан облысында әскерге шақыру жұмыстары бойынша отырыс өтті

Түркістан облысында азаматтарды әскерге шақыру науқаны барысындағы мәселелерді талқылау бойынша мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен өткен жиында облыс аумағындағы азаматтарды күзгі әскерге шақыру науқаны барысында туындаған мәселелер талқыланды. Мәжіліске бейне-селекторлық байланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты. 

Түркістанда Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 24-ші отырыс өтті

Түркістан қаласында Қазақстан және Ресей мемлекеті үкімет басшыларының орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчуктың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 24-ші отырысы өтті.