Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН АЛДЫ

Шымкентте жыл басынан бері 200-ден астам отбасы тұрғын үй көмегін алды. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға жергілікті бюджет есебінен коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге 14 миллион теңгеге жуық жәрдем көрсетілген.

Тұрғын үй көмегін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тағайындайды. Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе «e-gov» порталы арқылы жолдауға болады.

Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден артық баспанасы болмауы қажет. Әлеуметтік көмек түбіртек бойынша коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын отбасының бір айдағы жиынтық табысының 5 пайыздан астамын құраған жағдайда тағайындалады.

Көмекке мұқтаж азаматтар жеке басын куәландыратын құжат, жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер; банктік шот; коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; алдыңғы тоқсандағы түбіртектер мен телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесін тапсырулары қажет.

 

Айта  кетейік, пәтер жалдап тұратын отбасыларға әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй субсидиясы қарастырылған. Бұл көмек түрін 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар ала алады.

Субсидия отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 6 айдағы орташа жиынтық табысының ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспаған жағдайда беріледі.

Үміткердің депозиттік шоты болуы қажет. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы шот аша алады.

Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.

Порталда тіркелгеннен кейін субсидия алуға өтініш беруші тіисті стандартты өтініштерді толтырып, өзіне қолайлы пәтер немесе үй табады. Баспананы жалға алу келісімшарты порталда көрсетілген үлгі бойынша автоматты режимде рәсімделеді. Оған платформада субсидия алуға өтініш беруші (жалға алушы) мен баспананы жалға беруші қол қояды. Естеріңізде болсын! Аталған бағдарлама негізінде республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген соң тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімі мақұлданған азаматтардың 50 пайыз жалдау ақысы мемлекет тарапынан төленетін болады. Отбасы мүшесінің санына байланысты максималды субсидияланатын сома мемлекет тарапынан бекітілген, ол 85678 теңгеден аспайды.Айта кетейік, Шымкентте 42 мыңға жуық азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. Оның ішінде 17 мыңға жуық азамат әлеуметтік аз қамтылған санатқа жатады. Қалалық әкімдіктегі жауапты мамандар осал топтағы отбасыларға қолдау болатын осы бағдарламаны жүзеге асыру жолдарын тұрғындарға түсіндіріп келеді.

 

 

ШЫМКЕНТТЕГІ АДЫРБЕКОВ КӨШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 76 ПАЙЫЗҒА БІТКЕН

Қазіргі таңда Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәделі Қожа мен Жібек жолы көшелері аралығында аяқжолдар, ирригациялық латок орнату, жер төсемін дайындау жұмыстары атқарылуда.

Осы жұмыстардың барысын қадағалаған қала әкімі М.Әйтенов бүгін нысанда болып, жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Жоба бойынша, жалпы ұзындығы 3,74 шақырымдық жол Алдияров көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.Ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тротуар, жарық шамдар көзделген.

Құрылыс жұмыстары 76% пайызға орындалды. Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталып пайдалануға беру жоспарланған.

М.Дүйсенбекұлы жол негіздерін салуда кедергісін келтіретін байланыс жүйелерін қайта қосудағы өзекті мәселені жауаптылармен бірге шешуді тапсырды. Сондай-ақ нысанды уақытылы қолданысқа беріп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жолды ашуды ұйымдастыруды тапсырды.

Одан бөлек, Шымкент қаласы маңындағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы салынуда. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды.

Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Ташкент - Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Және қазір қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Жоба бойынша нысан 6 кезеңнен тұрады. Қазір жалпы жұмыстардың 27% пайызы атқарылған. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 53 адам, 20 техника жұмылдырылған.

Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты.

 

 

ТӘЖІКСТАННАН ШЫМКЕНТКЕ 189 ТОННА ЖЕМІС, 248 ТОННА КӨКӨНІС ӘКЕЛІНДІ

Бүгін Шымкентте Тәжікстанның мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, қазақ-тәжік ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылаған болатын. Сондай-ақ сауда-экономикалық, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Мәдениет күндерінің аясында ұйымдастырылған “Көрме” орталығында өткен Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесіне арнайы қатысты. Делегацияны Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Хакимзада Құрбан бастап келді.

Кәсіпкерлер қала тұрғындарына 189 тонна жеміс түрлері мен кептірілген жемістерді, 85 тонна бақша өнімдерін, 248 тонна көкөніс өнімдері мен 8 тонна бал ұсынды. Сонымен қатар 13 тонна өнеркәсіп өнімдерінің арасында газды және газсыз, энергетикалық сусындар, шырындар, консервіленген жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдер бар.

“Бүгінде Тәжікстан Шымкенттің сенімді сауда серіктесі болып табылады. Қаладан көрші елге өсімдік майлары, минералды тыңайтқыштар, макарон өнімдері, сабын, киім және де басқа тауарлар экспортталады. Экономикалық ынтымақтастық пен сауда қатынастарын кеңейту мақсатында біз инвестициялар мен өзара саудаға қатысты мәселелерді талқылауға дайынбыз.

Бүгінгідей іс-шаралар ортақ келісімдерге жол ашып, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа серпін береді деп санаймын.

” – деді қала әкімі.

Айта кетейік, Шымкентте сыртқы сауда айналымы соңғы 5 жылда 12 млн. АҚШ долларынан 37 млн. АҚШ долларына дейін 3 есе өскен. Алдағы уақытта сауда айналымын ұлғайтуда үлкен мүмкіндіктер бар. Елімізде тәжік-қазақ қатынастары бүгінде ынтымақтастықтың барлық саласы

бойынша қарқынды дамып келеді. Бүгінде екі ел арасында сауда-эконо¬микалық ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өзара тауар айналымын ұлғайту, инвестиция тарту, өнеркәсіп коо¬перациясын арттыру, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелеріне басымдық беріліп отыр.

ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІКСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

Бүгін Шымкентте Тәжікстанның мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, қазақ-тәжік ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылаған болатын.

Сондай-ақ сауда-экономикалық, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Мәдениет күндерінің аясында ұйымдастырылған “Көрме” орталығында өткен Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесіне қатысты.

Кәсіпкерлер қала тұрғындарына 189 тонна жеміс түрлері мен кептірілген жемістерді, 85 тонна бақша өнімдерін, 248 тонна көкөніс өнімдері мен 8 тонна бал ұсынды. Сонымен қатар 13 тонна өнеркәсіп өнімдерінің арасында газды және газсыз, энергетикалық сусындар, шырындар, консервіленген жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдер бар.

“Бүгінде Тәжікстан Шымкенттің сенімді сауда серіктесі болып табылады. Қаладан көрші еллге өсімдік майлары, минералды тыңайтқыштар, макарон өнімдері, сабын, киім және де басқа тауарлар экспортталады. Экономикалық ынтымақтастық пен сауда қатынастарын кеңейту мақсатында біз инвестициялар мен өзара саудаға қатысты мәселелерді талқылауға дайынбыз.

Бүгінгідей іс-шаралар ортақ келісімдерге жол ашып, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа серпін береді деп санаймын.

” – деді қала әкімі.

Айта кетейік, Шымкентте сыртқы сауда айналымы соңғы 5 жылда 12 млн. АҚШ долларынан 37 млн. АҚШ долларына дейін 3 есе өскен.

Осы RSS каналға жазылу