Көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына дизель отыны бөлініп үйлестіріліп жатыр. Мал шаруашылығы бойынша да өсім байқалады. Атап айтсақ, ірі қара малы 107 мыңға, қой ешкі 137 мыңға, жылқы 20 мыңға, құс 1 миллион 116 мыңға жетіп, нәтижесінде ет 6,6 мың тоннаға артты. Сүт 59 мың тоннаға, жұмыртқа 145,4 млн данаға жетті. Жоғарыда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылға бекітілген 12 индикатор толығымен орындалды.
"Алда екі ай уақытымыз бар. Осы 2 ай мерзім ішінде толыққанды осы жобаға жетеді деген жоспарымыз бар. Биыл жалпы құны 16 миллиард теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарланып, бүгінгі таңға жалпы құны 7,9 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылды",-деді ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков.
Қала аумағындағы ветеринариялық санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, эпизоотиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 1 110 443 малға профилактикалық екпе егу жұмыстары жүргізілді. Төрт түліктен 29 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы қан сынамалары алынып тексерілді. Ал, кенеге қарсы энзоотиялық іс-шаралар бойынша, 3 900 000 ш.м. қора-жайлар мен жапсарлас аумақтар, 751 500 ш.м – ауыл шаруашылығы жануарлары шоғырланатын орындар, суаттар, жайылымдар мен мал иірімдері және қолайсыз аймақтар залалсыздандырылып, 149 700 ірі қара бүркуден өтіп, 155 320 уақ мал тоғытылды.