Балалық асқақ арман жолында...
Балтабай Нұржанов 1954 жылы тамыз айында Түркістан облысының Шаға ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан жырақта жүргісі келмеген бала Балтабай, білімнің алғашқы парағын өзінің ауылының маңындағы мектепте, өзбек тілінде сауатын ашады. Неге? Себебі, көп жерлерде әлі де қазақ тілінде мектептер саусақпен санарлық еді. Әйтседе, білім алуға асыққан бала Балтабай бел буып, шешім қабылдайды. Бес жылдай өзбек тілінде білім алған баланы туыстарының ықпалымен әкесі қаладан біраз шақырым алыстағы қазақ тіліндегі мектеп-интернатына ауыстырады. Алғашқысында қиын болды. Әрине, сауатын өзге тілде ашқан баланы бел ортасына келгенде ауыстыра салғаны кімгеде болсын қиын тиетіні сөзсіз. Бірақ, неде болса өз тілімғой деп бала Балтабай қазақ тілінде де тез жазып, оқып жолдастарына ілесіп кетеді. Бара салысымен өзбек тілінде оқыған Балтабай, қазақ тілінде оқыған сыныптастарына қарағанда бірінші сабақтан бастап мазмұндаманы сауатты жақсы жазып шығады. Десекте, Балтабайда да қате жоқ емес, бар! Бірақ, өзбек тілінде оқыған балаға бұл шың өте биік белес болды.
Әкем салған сара жол...
Қаламгердің журналистикаға деген құлшынысын оятқан әкесі Қаратай болды. Әкесінің газет оқып отырғанын көрген бала Балтабай, қасына отыра сала газет оқи бастайтын. Осылай жалғаса келе, бұл күнделікті әдетке айналып кетті. Келе-келе ойын ақ қағазға түсіруге құштар болған Балтабай мектеп қабырғасынан бастап көптеген шығармаларын газет бетіне шығарып отырған. Бұл балалық шабыт көкте шарықтағысы келген ғой, сірә! Ия, бұл бала арман баспалдағының сара жолымен жүріп, өмірінің соңына дейін ақ қағазбен қаламын жанына серік еткен, қаламгердің өмір дастанының бастамасы еді. Жазған мақала, шығармаларын қаланың ең алғашқы «Түркістан» газетіне шағарып жүрді. Уақыт өте келе жас баланың бұншалықты қабілетінің бар екенін білген, газет басшылығы Балтабай Нұржановты алғашқы жазбалары жарық көрген газетке жұмысқа шақырады. 17 жастағы жаңа қызметкер Балтабайға қызметкерлері жас бала, өзге тілде сауатын ашқан деген сенімсіз көзқарастар тудырған. Бірақ, алдына мақсат қойып, әріптестерінің жанында жаста болса өзінің қарым қабілетінің арқасында өз жұмысын бір толқында емес, арманның ескегімен ары қарай дамып, ізденісте болып, өзін көрсете алды. Соның нәтижесінде тілші, корректор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған Балтабай Нұржанов «Түркістан» және «Туркистон» газеттерінің бас редакторы лауазымына дейін көтеріледі. Газеттің сапалы, оқырманға ұнамды болу үшін әр кез оқып, ізденісте жүрді. Оқырманы көп, таралымы жоғары газет шығару мақсатында жаңа бағыттар ойлап тауып, өзгеше идеялармен әрлеп, аса жауапты қызмет атқарды. Балтабай Нұржанов екі рет «MEDIA FORUM» шарасына қатысты. Бірі Астана қаласында өтсе, екіншісі шет елде өткізілді. Нәтижесінде «Түркістан» газетінің сапалық деңгейі артып, аудан газеттері ішінде алдыңғы орынды бермеді. Кейіннен «БАҚ арасында облыстық спартакиада да ІІ-ші орынмен», кейін «Ең үздік аудандық, қалалық газеттер» облыстық номинациясымен марапатталды. Не себепті ? Себебі, бұл шыңның артында білікті басшы, ұйымшыл ұжым, қажырлы еңбек, өз ісін жақсы көруден бөлек, халық пен қоғам үшін өмір сүретін басшы мен қызметкерлердің тұруында. Басшымын деп қол сілтеп жүрмеген, жұмыстан бөлекте әріптестерінің алдында сыйлы да, құрметті тұлға бола білді. Топтың алды болып, қорықпай, қиыншылықтан қашпай өзінің көшін алдыға тартты. Себебі, қаламгер Балтабай Қаратайұлы Нұржановтың арманы асқақ еді. Осындай басшы бола білген қаламгер қаншама жас буының ұстазы, ағасы бола келе әр тұлғаның жүрегінде ойып тұрып орын алды.
Көк сиямен келген, еңбектің жемісі...
Балалық асқақ арманның, адал еңбегінің, өз саласын жүрегімен сезінгендігінің арқасында ерең еңбегі ақталғандай. Оған дәлел; ҚР «Құрметті журналисті», «ҚР - ның мәдениет қайраткері», «Түркістан қаласының құрметті азаматы» марапаттары берілді. Жазушының қаламы ұшталып оқырманға жол тартқан «Баһадурлар», «Ерлікке тағзым», «Тоғысқан Тағдыр» атты кітаптары жарыққа шықты.
Балалық арманмен қоштасу...
Ғасырлар қойнауынан сыр іздесең небір ұлылықтың қайнарына қанып шығасың. Ұлы болу, ұлылыққа қол жеткізу жан кешті еңбекпен азапты күндерден тұратынын пайымдайсың. Балтабай Қаратайұлы Нұржановтың сол жанкешті еңбекпен, азапты күндермен түндерден қалған, ақ қағазға, көк сиясы тамған шығармалары, кітаптары, ойлары халықтың жадында мәңгілікке қалды. Ұлы тұлғаның артында ұлылыққа толы жасалған игі істері, қоғамға тиген жақсылығы үлкен бір көрініс болып болды. Марқұм Балтабай Нұржановтың әулетін жалғастырушы жұбайы Балтакүл Оспанова мен төрт перзенті қалды.
Ал, «Ұлы қаламгерден» ұлықты іс пен ұлы қаламның сиясы тамған дүниелері бізге мұра болып қалмақ. Ол шәкірттерінің, халықтың жүрегінде мәңгілікке сақталып қалатыны сөзсіз!
Сайрамбай Асылай Бақтыбайқызы