Сейсенбі, 04 Наурыз 2025 19:10

ОТЫРАР АУДАНЫНДА КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы аясында жапыхалықтық сенбілік ұйымдастырылып, көшет егу жұмыстары жүргізілді. Игі шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері, жалпы 2000-ға жуық адам қатысып, белсенділік танытты.

Сенбілік жұмыстарына «Отырар-2050» мекемесінің және өзге де 14 арнайы техникалары жұмылдырылып, 1,4 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Шара барысында саябақтар мен белгіленген жасыл аймақтарда жалпы 15 мың түп ағаш көшеттері отырғызылып, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға бағатталған жұмыстар жүргізілді. Қоғамдық шараға қатысушылар аумақты күл-қоқыстан тазартып, жасыл желектердің күтіміне көңіл бөлді.

Табиғатты аялау әрбір азаматтың міндеті, ал көгалдандыру жұмыстары ауданымыздың көркейіп, экологиялық таза орта қалыптастыруына септігін тигізеді. Осы орайда аудан көлеміндегі елді мекендерді көгалдандыруға арналған іс-шара жоспарына сәйкес Отырар орман шаруашылығынан 27500 түп ағаш көшеттері алынып, аудан орталығы мен барлық ауыл округтеріндегі жасыл аймақтарға отырғызу жоспарланған. Ағаш көшеттерін отырғызу науқаны сәуір айының екінші онкүндігіне дейін жалғасатын болады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат

Оқылды 123 рет