Сәрсенбі, 05 Наурыз 2025 12:17

Созақта жалпыаудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында, Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шараға аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға үлестерін қосты.

Шолаққорған ауылының аумағында бөлінген 5 сектордың, яғни ондағы 144 көшеге жауапты етіп бекітілген әр мекеме тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. Саябақтар мен ішкі көшелерді ретке келтірді. Үлкен жолдар мен айналма жолдың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. 29 арнайы техника тартылып, 45 шақырым көше бойлары мен 22 шақырым аяқ жолдары ретке келтірілді. Сенбілікке 4500-ден астам мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен елді мекен тұрғындары жұмыла кірісіп, тазалық жұмыстарын үрдіске айналдыруда.

«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат

Оқылды 105 рет