Бұл медициналық нысан тұрғындарының сұранысына байланысты денсаулық сақтау басқармасы мен «Раймед» ЖШС-нің инвестиция салу келісімі негізінде салынуда. Медициналық нысанның құрылысы жұмыстары «Достық» шағын ауданындағы N102 мектеп жанында жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары біткен соң дәрігерлік амбулатория жергілікті тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Сондай-ақ, бұл денсаулық сақтау ошағында жергілікті тұрғындары арнайы профилактикалық тексерістен өтіп, скрининг жасай алады. Бұл ауруларды ерте анықтап, оны дер кезінде алдын алуға үлкен мүмкіндік бермек. Басқарма басшысы Н.Асылбеков жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысын биыл аяқтап,жыл соңына дейін пайдалануға беруді «Раймед» басшылығына сұранып, тапсырды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат