Атап айтқанда, орталық маңызы бар С. Қожанов және Жібек жолы көшелеріндегі абаттандыру жұмыстары басталды. Алғашқы қадам ретінде жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетіп, көшенің көркін арттырады.
Мәселен, С. Қожанов көшесіне Шымкент бағытынан кірер тұстағы Ерімбетов көшесінен «Мыңжылқы» мәдениет үйіне дейін 7 шақырымға үлкен жолдың екі бетінен аяқ жол салынады. Аяқ жолға 235 дана жарықшам, 4 аялдама, 60 қоқыс жәшігі мен орындықтар орнатылатын болады. Бұған қоса үлкен жолға 352 дана көше жарықшамдары орнатылып, әсемдік сипатына басымдық беріледі.
Жібек жолы көшесінде де Шолаққорған – Түркістан бағытындағы айналма жолдан «Мыңжылқы» мәдениет үйіне дейінгі 6 шақырым қашықтыққа үлкен жолдың екі бетінен аяқ жол салынады. 2,5 шақырымды құрайтын латоктар жаңартылады. Ш. Оқшиев көшесінен бастап, Шолаққорған – Түркістан бағытындағы айналма жолға дейін 1,5 шақырымды құрайтын велосипед жолы салынады. Бұл көшенің де әсемдігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп, жарықшамдар, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылады.
Сонымен қатар, “Достар” стадионының да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жаңартылған стадионда 450 орындық көрермендер алаңы, жүгіру жолағы мен талапқа сай үлкен футбол алаңы салынады. Ал «Жасыл белдеу» аумағында ағаш отырғызу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Аталған аумақ тағы 1 шақырымға ұлғайды. Осылайша, биылғы жылға артқан көлемі 3 шақырымға жетіп, 7000-ға жуық тал көшеттері егілуде.
Аудан басшысы аралау кезінде мердігер мекемелердің өкілдерімен тілдесіп, ең алдымен құрылыс сапасына қатысты талаптарды қатаң сақтауды ескертті. Бұл бойынша жауапты саланың мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Жаяу жүргіншілер жолына төселетін плиткалардың сапасын бақылады. «Жасыл белдеу» аумағына егілген көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарын да назарға алды.
Жалпы, Созақ ауданында құрылыс саласы бойынша алдыңғы жылы 843,3 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 100%-ын құрады. Аудан көлемінде 2021 жылы 8 нысанда құрылыс жұмыстары басталып, 4 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Олар Шолаққорған ауылы Ақшам мөлтек ауданын жарықтандыру құрылысы, С.Қожанов атындағы тарихи-аймақтық мұражайының құрылысы, Қарақұр ауылындағы 75 орындық мәдениет үйі, Шу ауылы әкімі аппаратының ғимаратының құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 нысанның Жуантөбе, Қаратау ауылы әкімі аппараттарының ғимараты, Аққолтық елді мекеніндегі 75 орындық мәдениет үйі, Шолаққорған ауылы С.Қожанов көшесіндегі екі қабатты әкімшілік ғимаратына қосымша жай (военкамат) құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталды.
Шолаққорған ауылының ішкі жүйесін газбен жабдықтау жұмыстарына 2021 жылы 1 млрд. 45 млн. 232 мың теңге бөлініп, 150-ге жу-ық көшеге газ құбырлары жүргізілген. Ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында 35 елді мекеннің (54259 адам) 28-і (халық саны 60 690 (97%)) орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 7 елді мекенге (Созақ, Шақырық, Теріскей, Шолаққорған, Қозмолдақ, Қарақұр, Қаратау) ауыз су сағатпен берілуде, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген (халық саны 2087) (3%). Сондай-ақ, жер асты су қоры бекітілген Балдысу, Қарабұлақ, Саржаз, Басбұлақ және Шақырық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлену жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік саладағы кешенді жоспарды іске асыру аясында 3409 адамды қамту жоспарланса, 3108 адам қамтылып, жоспар 91,2 пайызға орындалды. Бағдарламаның бірінші бағыты «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту» бойынша – қысқа мер-зімдік курстар бойынша ауылдық округ, кент әкімдіктерінен оқуға ниет білді-рушілер бойынша тізім жасақталып, 60 адамды оқыту жоспарланып, жергілікті бюджеттен 13 млн. 550,0 мың тенге қаржы қаралып, 60 адам қысқа мерзімді оқуға жіберіліп, 59 адам оқуын аяқтап, мамандағы бойынша тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 78 адам шағын несиемен қамту жоспарланып, 65 адам 268 млн. 320 мың. теңге несиемен қамтылды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 180 адам оқыту жоспарланып, 181 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы жолданып, оқуды толық аяқтаған 171 адамға сертификаттар табысталды.
Бағдарламаның үшінші бағыты «жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде биылғы жылға 1 288 жалпы жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланса, өткен жылдың қорытындысымен 2 145 жаңа жұмыс орыны ашылып, жоспар 166,5 % орындалды. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл ішінде 144 адам жолдау жоспарланып, 571 адам жолданды (жоспар 405%).
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат