Сәрсенбі, 21 Мамыр 2025 12:40

Созақ ауданы: биыл Жуантөбе ауылдық округінде бірқатар жобалар жүзеге асырылатын болады

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков кезекті есеп беру жиынын Жуантөбе ауылдық округінде жалғастырды. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және бірқатар аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары мен бірқатар сала мамандары қатысты.

Жиын барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді баяндады.– Халықпен тікелей байланыс орнатып, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып жұмыс жүргізу – біздің ортақ міндетіміз. Осы мақсатта бүгін сіздермен кездесіп, пікір алмасуға келіп отырмыз, – деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Биылғы жылы Жуантөбе ауылдық округінде бірқатар жобалар жүзеге асырылып, кешенді дамытуға басымдық берілуде. Атап айтсақ, арнайы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орынға апаратын жол ағымдағы жөндеуден өткізіледі (қиыршық тас төсеу), Абылайхан көшесінде орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Қ.Омарұлы көшесінде жабық футбол алаңы салынады, ауылда учаскелік полиция пунктінің құрылысы басталады, ауылдық клуб ғимараты жөндеуден өтеді, «Бәйтерек» кешені қайта жаңғыртылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, атауы жоқ көшеге жарықтандыру жүйесі тартылады, Ә.Жақсыбайұлы және Төле би көшелеріне аяқ жол (тротуар) төселеді, «Шаңырақ» нысанына Құрмет тақтасы орнатылады, Орталық саябақ абаттандырылып, демалыс аймағы жасалады.

Жиын соңында тұрғындар атқарылған істерге қолдау білдіріп, алғыстарын жеткізді. Ұсыныс-пікірлерін жолдап, бірқатарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы саласы бойынша сауалдарын қойып, өтініштерін жеткізді. Аудан басшысы айтылған мәселелерді толықтай назарға алынғанын айтып, жауапты мамандарға шешу жолдарын ұсынып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларды пысықтады. Алдымен аудан басшысы Жуантөбе ауылы маңындағы Шу өзенінің қозғалысын бақылады. Қазіргі таңда өзен суы ауылдан 40 шақырымға өтіп, Ақкөлге дейін 12 шақырым қалған. Су деңгейіне күнделікті бақылау жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауылдың ішкі көшелерін аралап, абаттандыру бағытында атқарылатын жұмыстарға назар аударды. Қ. Омарұлы көшесінде бой көтеретін жабық футбол алаңының орнымен танысты. Қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған “Бәйтерек” кешенінде болды. Мұнда абаттандыру, жарықтандыру және көріктендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады. Ауыл орталығындағы саябақты абаттандыру жобалары да назарға алынды.Аралау барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жауаптыларға әрбір іске мұқят қарауды қатаң ескертті. Барлық жоспарланған жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қадағалауды тапсырды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 6 рет