Сапар барысында Ж.Өткелбаев көшесінің бойында заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс аумағында болды. Жоба бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Кешенде көпфункционалды спорт алаңдары, жаттығу және сауықтыру залдары қамтылатын болады.
Сонымен қатар, аудан басшысы Созақ ауылдық округі аппаратының жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысымен танысты. Бұдан бөлек, жеке инвестор есебінен салынатын 250 орындық балабақша жобасы қаралды. Жаңа білім беру мекемесінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Жаңа балабақшаның құрылысын жақын уақытта жүзеге асыру жоспарлануда. Бұған қоса алдағы уақытта ауылдан жаңа саябақ салынатын аумаққа барып, жауаптыларға жобалау және абаттандыру жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат