Жиында ҚР еңбек министрлігі еңбек ресурстарын дамыту орталығының өкілдерімен отбасын қолдау орталығының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңесінің басшысы Фарида Сағындық мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – уақыт талабы екенін атап өтті. Ол FSM Social платформасының мүмкіндіктеріне тоқталып, жаңа жүйе халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, процестерді жеңілдетуге септігін тигізетінін жеткізді. Сонымен қатар, бұл бастама әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмектесу жұмыстарын жүйелендіріп, сала қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыратыны айтылды.
Сондай-ақ, кездесуге аудандық полиция бөлімі, орталық аурухана мен емхана мамандары, әлеуметтік қызметкерлер, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен тәрбие орынбасарлары, әлеуметтік-педагог қызметкерлері және «Отбасын қолдау орталығы» қызметкерлері қатысты. Қатысушылар жаңа платформаның құрылымы, қызметі мен қолдану ережелері туралы толық ақпарат алып, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Жиын мазмұнды әрі тиімді өтті.