Жұма, 27 Маусым 2025 13:02

Түркістан: Қазығұртта ауыз су мәселесі кезең-кезеңмен шешімін табуда

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Қызылқия ауыл округіне қарасты Атажұрт ауылында болып, елді мекенде жүргізіліп жатқан ауыз су құбыры желілерінің құрылысы барысымен танысты. 

Аталған жоба прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылуда. Ауыл тұрғындарының ауызсуға қолжетімділігін арттыру және олардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында басталған жоба аудан әкімдігінің қатаң бақылауында. Бұл – мемлекет тарапынан ауылдық аймақтарды дамытуға, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге жасалып жатқан нақты қолдау. Жоба аясында елді мекенге жаңа су құбыры жүйесі толық тартылып, тұрғын үйлерге таза ауыз су жеткізілетін болады.

Бұл бастама – Қазығұрт ауданында соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылымдық жобалардың жалғасы болып табылады. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта өзге елді мекендерде де кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Оқылды 16 рет