Комиссия отырысының күн тәртібінде келесі төрт маңызды мәселе қаралды.
Бірінші мәселе кәмелетке толмағандарға қарсы және кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың алдын алу шаралары бойынша Сарыағаш ауданы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айбек Сматулла баяндама жасады.
Келесі мәселе «БІР ТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында атқарылған іс-шаралар туралы ауданның білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әшір Адеев өз баяндамасын ұсынды.
Үшінші мәселеге ерте жүктіліктің және суицидтің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық орталық аурухананың ана мен бала ісін қорғау жөніндегі бас дәрігер орынбасары Гүлмира Абдраманова баяндама жасады.
Төртінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандар арасында төтенше жағдайлардың (суға кету, өрт, электр сымдары мен еңбек қауіпсіздігі) алдын алу шаралары бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Иса Елеусізов ақпарат берді.
Комиссия отырысында мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары мен ауылдық округ әкімдері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы кезеңде жүзеге асырылуы тиіс нақты міндеттер белгіленді. Жиын барысында айтылған барлық ұсыныстар мен баяндамалар назарға алынып, тиісті жұмыстарды жандандыру тапсырылды.