Жұма, 27 Маусым 2025 16:22

Түркістан: Бәйдібек ауданы әкімі тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады

Бекітілген кестеге сай, аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.

Қабылдауға Ақбастау, Көктерек, Бөген, Шаян ауылдық округтерінің азаматтары келіп, тұрғын үй кезегі, жол, инфрақұрылым және тұрғын үй құжаттарын заңдастыру мәселелерін көтеріп, жеке сұрақтарын жеткізді.

Аудан басшысы әрбір өтініштің назардан тыс қалмайтынын айтып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің шешілуін өз бақылауында ұстайтынын атап өтті. Кейбір сұрақтар бойынша тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

 Тұрғындармен тиімді байланыс орнатудың маңызды тәсілдерінің бірі – жеке қабылдау. Мұндай кездесулер халықтың мәселелерін уақтылы шешуге және билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға мүмкіндік береді.

 Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімшесі жүргізеді. Қабылдауға е-otinish бірыңғай базасы және жалпы бөлімшесіне келіп, жазбаша өтініш тастау және 8700-484-92-13 сенім телефоны арқылы жазылуға болады.

 

Оқылды 15 рет