Бейсенбі, 26 Маусым 2025 15:47

Түркістан: Шардарада "Қаржылық қауіпсіздік күні" аясында форум өтті

Шардара ауданында 2025–2030 жылдарға арналған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылған апталық іс-шаралар шеңберінде «Қаржылық қауіпсіздік күніне» арналған форум өтті.

 

Форум жұмысына Шардара ауданы әкімінің орынбасары Еркебулан Абдуғафурұлы Каратунов, аудан прокурорының орынбасары Сабит Қуатұлы Нұрахым, аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Құрышбекұлы Жалменов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков қатысты.

Сонымен қатар форумға қала және ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, дербес бөлім мамандары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мүшелері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Форум аясында Шардара ауданы прокурорының орынбасары С. Нұрахым баяндама жасап, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен қаржылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге №16 колледж директорының орынбасары Г. Дүйсебаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Бердібеков және аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы А. Данияров қаржылық алаяқтық тақырыбында мазмұнды баяндамалар жасады.

Мұндай форумдар халық арасында қаржылық алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық қорғанысын күшейтуге және туындаған мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Оқылды 21 рет