Бүгінде Абай даңғылы №19, 23 және Әл-Фараби көшесі №61, 63, 63А, 65А/1, 65А/2, 65А/3, 69 мекен-жайларындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы орташа жөндеу жұмыстары басталған.
Сонымен қатар, Шүлембаев көшесі №4, 8, 10, Т.Рысқұлов көшесі №1, 3, 5, 7, 9, Каленов көшесі №1, 3, 5, 7, 9, Ы.Алтынсарин көшесі №4, 8, 10 мекен-жайларындағы аулаларға жол жиек тастары орнатылып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарлануда.
Аралау барысында қала тұрғындарымен тілдескен қала басшысы олардың ұсыныс-пікірлеріне де назар аударды. Тұрғындар балалар ойын алаңшасын жаңарту, аула ішіндегі автотұрақ мәселесін шешу және аулалардағы абаттандыру жұмыстарын жандандыру жөнінде өтініштерін жеткізді.
Қала әкімі Жандос Тасов тұрғындардың барлық өтініштері назарға алынатынын айтып, жауапты бөлім басшылары мен мердігер мекемеге нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды.