Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 22:36

Түркістан: Қыста да қымыз бар

Қазір Созақ өңірінің қай өңірне барсаңыз да мал басы артқан. Сондай –ақ оны асылдандыру жұмыстары да жүйеге қойылған.

Бұл – өте құптарлық іс. Алайда, Теріскейдің қатал қысына қарамай, мұнда бие байлап, қымыз ашытып отырған жандар да жетерлік. Өйткені, қолда мал ұстаған соң, оның пайдасын да көрген абзал,- дейді жартытөбелік тұрғындар.

Созақ ауданының қатал табиғатын біз айтпай –ақ, ел біледі. Дегенмен, жергілікті тұрғындар үшін бұл таңсық жай емес. Сондықтан да болар мұнда қыс мезгілінде де бие байлап, қымыз ашытатан ағайындар жетерлік. Солардың бірі -   осы ауылға қарасты «Амангелді» шаруа қожалығының  мүшесі Алмагүл Мансариева.

Бұл шаруашылықта қымыз өндіріу- қысы – жазы үзілмейді. Өйткені сұраныс бар. Сондай-ақ,  бұл шаруашылықта  бордақы малдарымен қатар, бәйге аттары да бағылуда.   Мәселен,   қожалық иесі Жұмағалидың өз баптауындағы «Қара жебе» деп аталатын  жылқысы республикалық талай аламандарда жүлде алыпты. 

 «Мал – баққанға бітеді» деген. Алайда бұл азаматтар, малды тек бағып қана қоймай, оны асылдандырып,  өзге де пайдасын  молынан көруде. Бұл – үлгі болатындай –ақ іс..

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 1187 рет