Сенбі, 20 Ақпан 2021 16:35

Созақта 100 жасаған кейуана жаңадан жеке куәлік алды

Түркістан облысында ғасыр жасаған кейуана жеке куәлік алды.

Созақта полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады. Осы мақсатта Созақ АПБ қызметкерлерінен құрылған мобильді топ халық арасында сұрастырып, жеке куәлігінің мерзімі өткен бір ғасыр жасаған әжені анықтады.

Содан кейін ақ жаулықты ананы шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, фото-бейнеге түсірді. Осылайша Созақ ауданының тұрғыны Сырғакүл Керімбековаға жеке куәлігін қайта жасауға көмек беріліп, дайын құжаты табысталды.

Өз кезегінде 101 жасқа келген кейуананың куанышында шек болмады. Ол полиция қызметкерлеріне аналық алғысын жаудырды. Жұмысына табыс тілеп, шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Жалпы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға, егде жастағы жүріп-тұруы қиын қарияларға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильді топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Ең басты мақсат - халыққа қолайлы қызмет ұсыну.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 17 рет