Бейсенбі, 18 Қараша 2021 17:49

СҚО-да дүниеге келгендерден қайтыс болғандар саны артық

Солтүстік Қазақстан облысында биылғы 10 айда 4 967 адам дүниеге елсе, 5 845 адам қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаменттің мәліметінше, биыл өңірде 4 967 сәби дүниеге келсе, соның 41,6 %-ы Петропавлда туған.

Нәрестелердің 2 605-і ұл, 2 362-сі қыз. Демографиялық көрсеткіш бойынша Уәлиханов, Шал ақын және Жамбыл аудандары алда келеді.

Ең төмен бала туу көрсеткіші М.Жұмабаев ауданында. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 5 845 адам қайтыс болды.

Оның 19,8 %-ы тыныс алу мүшелері ауруынан, 14,7 %-ында қан айналымы жүйесі, 7,3 %-ы асқорыту мүшелері ауруларынан және қатерлі ісіктен және 6,7 %-ында жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан көз жұмған.

Жалпы биыл 2 648 неке қиылған, бұл – өткен жылмен салыстырғанда шамамен 24 %-ға жоғары. 544 отбасы ажырасқан.

Биыл тоғыз айдың ішінде өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда қоныс аударушылар саны 12,4 %-ға төмендеген. Көшіп кеткендер саны 0,5 %-ға артқан.

Қоныс аудару негізінен ел ішіндегі миграциямен байланысты. Аймақтар арасындағы миграция бойынша теріс сальдо өткен жылмен салыстырғанда 30,9 %-ға көбейген.

ТМД елдерінен келетін иммигранттар саны өткен жылмен салыстырғанда 22,6 %-ға, әлемнің басқа елдерінен 64,4 %-ға кеміген. Ал ТМД елдеріне эмиграция 4,8 %-ға зайса, әлемнің басқа елдеріне қоныс аударғандар саны 33,1 %-ға артып отыр.

Осылайша СҚО тұрғындарының саны бүгінде 539,4 мың адамға жетті. Оның 252,9 мыңы – қалада тұрады.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

 

Оқылды 436 рет